Байлық – мұзға жазылған сөз,
Білім – тасқа жазылған сөз.
***
Бақыл байға барғанша,
Қаратауға бар.
***
Бақыр қазан қайнаса —
Бәріміздің бағымыз.
Туған жердің әр тасы
Біздің алтын тағымыз.
***
Барар жері жоқ,
Басар тауы жоқ.
***
Барар жерің Балқан тау,
Ол да біздің көрген тау.
***
Бармақтай бақ бер,
Таудай талап бергенше.
***
Бас арқалағанша, тас арқала.
***
Бас-басыңа би болсаң,
Манар тауға симассың.
***
Бас-басыңа би болсаң,
Мына тауға сыймассың.
***
Бас-басыңа би болсаң,
Мына тауға симайсың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймейсің.
***
Басымды тауға да,
Тасқа да ұрдым.
***
Басың бас,
Бақалшағың қара тас.
***
Басыңда дес тұрғанда,
Уысыңда тас сынады.
Басыңнан дес кеткенде,
Сарымайға тіс сынады.
***
Бедеу мінсең, бел асасың,
Алғыс алсаң, көп жасайсың.
***
Бекіре балықтың тұмсығы тасқа тимей қатпайды.
***
Бекіре тұмсығы тасқа тимей қайтпас.
***
Би баласы биге ұқсар,
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.
***
Бие бауға, түйе тауға.
***
Биік тауға шыққанның
Алысқа көзі ашылар.
Жақсыменен сөйлескен
Көңіл көзі ашылар.
***
Биік таудың басы болмасақ та,
Бауырындағы тасымыз.
***
Биік таудың басына:
Қиялап ұшып қыран да шығады,
Жер бауырлап жылан да шығады.
***
Биік таудың төбесін көр, жанына барма.
***
Биік таудың төбесін көріп, түбіне барма,
Жақсының атын естіп, үйіне барма.
***
Биік таудың шатқалы да терең.
***
Бөктерді қыстаған жылы жұт болады,
Тауды қыстаған жылы құт болады.
***
Бұлан өз тауынан өзі жерімес.
***
Бұланнан биік аң болмас,
Бұланайдан биік тау болмас.
***
Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке – тау.
***
Бұлт асқан тауды биік деме.
***
Бір киікті бір тау аш қылмайды.
***
Бір тау бір киікті ашықтырмайды.
***
Бір тауды жайлаған бір киік аш болмайды.
maqal-matel.kz
