Бай кісі жарлыны,
Тілді кісі тілсізді,
Жас кісі кәріні керексіз қылады.
***
Бассыз берген мал мазақ,
бақсыз берген тіл мазақ.
***
Бал тамған тілден у тамар.
***
Балық пенен бақаның тілі бір,
Құмалақшы мен бақсының жөні бір.
***
Балық үндес, бақа тілдес.
***
Бақаның тілін балық біледі.
***
Барлығы да тілден:
Тіл – бал, тіл – ажал.
***
Барынша бөсіп мақтанғанша,
Тілді тістеп ұстаған жөн.
***
Бас кетпесін, сөзіңді бақ күзетіп,
Тіс сынбасын, тіліңді бақ түзетіп.
***
Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
***
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
***
Басқа бәле қайдан,
Басқа бәле тілден.
***
Басқа бәле қайдан? Тілден.
***
Басқа пәле қайдан-ды?
Басқа пәле тілден-ді.
***
Басқа пәле тілден.
***
Басты кеспек болса да, тілді кеспек жоқ.
***
Бастың таразысы – тіл.
***
Басым аман болсын десең,
Тіліңді тоқтат.
***
Беземе тілді бекер, болар қамшы,
Дәрісі оның у ғой бір-ақ тамшы.
***
Бейкүнә адамға тіл тигізу –
Сау тамырды қандауырмен осқылаумен бірдей.
***
Белдескеннің белін үз,
Тайласқанның тілін үз.
***
Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.
***
Бұлттан шыққан күн ашты,
Бұзық адамның тілі ашты.
***
Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман әйелдің тілі ащы.
***
Білмегенді «білем» деген – күпірлік,
Тілді білген мәнін де ұғар, шүкірлік.
***
Білімдар нәпсі, тілді түзетеді,
Екеуін еркі жетіп күзетеді.
***
Білімді адам тілін билей алады.
***
Білімдінің аузы – өнердің көзі,
Шешеннің тілі – шебердің бізі.
***
Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын.
***
Біреу күле қараса, жылы жүзбен таста көз,
Сақта тілді жаманнан, жақсы тілеп баста сөз.
maqal-matel.kz
