Б

Бай малымен күн көрер,
Жарлы жаныменен күн көрер.
***
Байлығы тайған бек
Жұртсыз күн көре алмайды.
***
Бақытта көз болмайды,
Шын жақсы сыйымсыз сөз болмайды.
Дүниеде бас-аяқ тегіс емес,
Екі жақсы бір жерде кез болмайды.
***
Бала әкеге бес жыл жұмбақ,
Әке балаға өмір бойы жұмбақ.
***
Бала ойнамай күн көрмейді,
Сиыр жаланбай күн көрмейді.
***
Балам үшін барамын,
Күнім үшін келемін.
***
Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі.
***
Балықты терең билейді,
Адамды тұрмыс билейді.
***
Бар дүниеде тозақ бар.
***
Бар қашаған құтылмас,
Жоқ қашаған жеткізбес.
***
Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі,
Құл да өледі, қожайын да өледі.
***
Баянсыз өмір өтті боран, желдей,
Фәнилік басып алды аққан селдей.
***
Бәйтерек басын күн шалса,
Көлеңкесі жердікі.
Артық туған ақылды
Өмір бойы елдікі.
***
Бейбітшілік – өмір тынысы,
Байлық – ел ырысы.
***
Бек тәтті өмірді сүйсе,
Елдің күні қараңғы.
***
Береке – бірлікте,
Сауық-сайран – тірлікте.
***
Бесіктен бағу көрмеген,
Өмірден қағу көрер.
***
Бос жіберме өміріңді, шалып қал,
Кетер күннен керегіңді алып қал.
***
Бос өткізу өмірді
Ақымаққа көңілді.
***
Бұйырған кетпейді,
Жүгіріп жетпейді.
***
Бұйрықтан артық болмайды.
***
Бұл дүниенің құсасы
Ол дүниеге кетпейді.
***
Бұл дүниенің қысасы
Ол дүниеге кетпейді.
***
Бұл тіршілік тек қана ішіп-жеу үшін берілмеген.
***
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,
Кісіден білім білген бәле қашар.
***
Білім берген мұғалім –
Өмірдегі зор ғалым.
***
Білім ғылымнан нәрленеді,
Ғылым оқудан нәрленеді.
Оқу өмірден нәрленеді,
Өмір күреспен нәрленеді.
***
Бір ауыздан сөз шықса, ағайынның бірлігі,
Бір төсектен бас шықса, адамның аз күн тірлігі.
***
Бір күндік өмірің қалса да,
Жортақ мінбе, жорға мін.
***
Біреу өлмей, біреу күн көрмейді.
***
Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле.
***
Бірлік бар жерде тірлік бар.
***
Бірлік болған жерде тірлік болады.
***
Бірлік болмай, тірлік болмас.
***
Бірлік қылсаң, тірлік бар.

maqal-matel.kz