Бақаға күнде той.
***
Бақаның тойы батпақта.
***
Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.
***
Бәрің бірдей тойшы болғанша,
Біреуің қойшы бол.
***
Бәрің бірдей қойшы болма,
Бәрің бірдей тойшы болма.
***
Бәрің бірдей қойшы болма,
Құл боларсың.
Бәрің бірдей тойшы болма,
Қу боларсың.
***
Бәрің тойшы болғанша,
Бірің қойшы бол.
***
Береке – бірлікте,
Сауық-сайран – тірлікте.
***
Берекелі ауылдың бейнеті – мейрам.
***
Берекелі жерден мереке кетпес.
***
Берекесіз ауыл – мерекесіз.
***
Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.
***
Бие мініп тойға барма,
Көкпар шаба алмайсың.
Түйе мініп қойға барма,
Жөндеп баға алмайсың.
***
Бөрінің тойына барсаң,
Бөрібасарды ерте бар.
***
Бұқа буға, азбан дуға семіреді.
***
Бұқа қарап жүріп тойға жасауыл болды.
***
Біздің балада кеміс жоқ,
Қалып тұрғаны – үйлену тойы.
maqal-matel.kz
