Б

Байды Құдай қарғайын десе,
Жортуыл бастар.
Биені қарғайын десе,
Құлын тастар.
***
Байды Құдай ұрайын десе, жортуыл бастайды.
***
Байды Құдай ұрарында барымтаны бастайды,
Кедейді Құдай ұрарында пісіп тұрған
егінін ормай тастайды,
Биені Құдай ұрарында құлын тастайды.
***
Бақыл тоймас,
Ұры байымас.
***
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
***
Барымта алған мал болмас,
Қуып алған күң болмас.
***
Барымта
Барымтаға қарымта.
***
Барымта қайтыс болмай,
Дау айтыс болмас.
***
Барымтаға қарымта.
***
Барымтадан қорыққан мал жимас.
***
Барымтадан қорыққан мал жимас,
Судан қорыққан дән жимас.
***
Барымталап алған мал емес,
Қуып алған құн емес.
***
Берейін деген құлына,
Онан-мұнан құралар.
Бермейін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.
***
Бес бәлекке бес қарақшы,
Сегіз ешкіге сексен теке.
***
Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.
***
Бұзау ұрлаған өгізді ұрлар.
***
Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды.
***
Білген ұрыны пақыр дейді,
Білмеген ұрыны батыр дейді.
***
Білмегендер ұрыны батыр дейді,
Білгендер ұрыны пақыр дейді.
***
Білсе – барымта,
Білмесе – сырымта.
***
Білсең – барымтам,
Білмесең – қарымтам.
***
Білім – байлық таусылмайтын, бітпейтін,
Ұры-қары, қу жоқ оны үптейтін.

maqal-matel.kz