Бақа деген бәледен бастан құлақ садаға.
***
Балаға жақын жүрме,
Бәлесі жұғады.
***
Балаға жуыссаң, пәлесі жұғады,
Қатынға жуыссаң, қарасы жұғады.
***
Балаға сенген пәлеге қалады,
Жаманға сенген далада қалады.
***
Баланың баласы бар әкеден асқан,
Баланың пәлесі бар албасты басқан.
***
Баланың сотқары – бәленің шоқпары.
***
Бар бәле әйелден (әйел туралы даудан).
***
Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.
***
Бар бәлені туғызатын – шарап.
***
Басқа бәле қайдан? Тілден.
***
Басқа келген пәледен
Бастан құлақ садаға.
***
Басты бұзған – балта,
Түсті бұзған – шайтан.
***
Басты балта бұзар,
Істі сайтан бұзар.
***
Басыңа бәле келсе,
Баққа сиынба, Хаққа сиын.
***
Басыңа пәле келсе,
Таққа сиынба, Хаққа сиын.
***
Басыңды кессе, машайығыңды сал.
***
Бәле келсе, «кетер» деп төзімді бол.
***
Бәле іздеп келме, ізгілік іздеп кел.
***
Бәледен машайық қашар.
***
Бәлеқор жаныңда болса,
Бәледен бас алмассың.
***
Бәлелі көтке бармағыңды тықпа,
Бармағың, я тырнағың ішінде қалады.
***
Бәлені бастайтын – шарап,
Батпаққа тастайтын – арақ.
***
Бейтаныс кісіден таныс шайтан артық.
***
Берген аста береке бар, береке – Құдай аты,
Бермеген аста біте бар, Біте – шайтанның аты.
***
Бие берсең, байтал делінер,
Ешкі берсең, сайтан делінер.
***
Болма босаң, сақта сақтық іргесін,
Төтен бәле иектеп ап жүрмесін.
***
Бықсыған отта шала бар,
Тымырсықта пәле бар.
***
Білмеген мың пәлеге тұтылар,
Білген мың пәледен құтылар.
***
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,
Кісіден білім білген бәле қашар.
***
Білімдінің білім – киім, асы да,
Білімсіздің ісі – бәле басына.
***
Бір анадан бала да туады, пәле де туады.
***
Бір ел өңкей жақсы болмас,
Жыны жоқ адам бақсы болмас.
***
Бір мөкей бір мөкейге «мө» депті.
maqal-matel.kz
