Ажал емнен, ашу кеңнен қашады.
***
Ажал емшіден қашар,
Ашу мінезден қашар.
***
Ажал ақымға тоқтайды,
Тілалғыш мақұлға тоқтайды,
Ашу ақылға тоқтайды.
***
Айға шапқан арыстан, ашуына болайын,
жауға шапқан батырдың, тасуына болайын,
үйде қалған қорқақтың, сасуына болайын.
***
Айран – ашулы,
Қымыз – қышулы.
***
Айранды көріп азба,
Қымызды көріп қызба.
***
Айтпас жерде тіліңді тарт,
Ашуың келсе, қолың тарт.
***
Айтыспақ болсын,
Ашуланыспақ болмасын.
***
Айыпты айып жусын,
Ашуды ақыл қусын.
***
Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
***
Ақыл ашуды қаймықтырады,
Ашу ақылды қамықтырады.
***
Ақыл – дос, ашу – дұшпан.
***
Ақылға ақыл қос, ашуыңды тос.
***
Ақылдан ашу көп болса, ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса, ашу не етер.
***
Ақылдан жақын дос болмас,
Ашудан жаман қас болмас.
***
Ақылсыз – ашушаң,
Ашушаң – ақылсыз.
***
Ақылы аздың – ашуы көп,
Таяз судың тасуы көп.
***
Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама,
Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
Ашуланса мерт қылар, жолбарыспен ойнама.
***
Алдырған албырт.
***
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?
***
Аң бар жерде ашуы да болады.
***
Арам, арам түбі – реніш,
Адал, адал түбі – кеніш.
***
Арсызда бет болмайды,
Азғында кек болмайды.
***
Арық қой тырысқақ,
Аш кісі ұрысқақ.
***
Арыстанның айбатынан асқан күшті емес,
Өз ашуын баса білген адам күшті.
***
Ас тасыса, көбігі төгілер,
Ашу тасыса, ақылы төгілер.
***
Ас тасыса, қатық төгілер,
Ашу тасыса, ақыл төгілер.
***
Асқан ашу қорқыныш туғызады.
***
Асығыста салмақты бол,
Ашу қысса, ұстамды бол.
***
Асығыстық пен ашудан ақыл күңгірт тартар.
***
Асуды құм бөгейді,
Ашуды қыз бөгейді.
***
Ат күйгелек болса – арық,
Ер күйгелек болса – кәріп.
***
Атты асу қинайды,
Адамды ашу қинайды.
***
Аузында әзілі жоқтың
Қолында шоқпары бар.
***
Аш кісінің ашуы жаман.
***
Ашу – ағадан,
Кешіру – ініден.
***
Ашу – айбаттының құралы.
***
Ашу адамның сүйегін қақтайды,
Жүрегін таптайды.
***
Ашу ажыратады,
Ақыл жадыратады.
***
Ашу ақылды өшірер,
Сабыр сананы өсірер.
***
Ашу – ақылдының дұшпаны,
Нәпсі – иманның дұшпаны.
***
Ашу ақылмен өш,
Ақылсыз жақынмен өш.
***
Ашу алда, ақыл соңда.
***
Ашу алдан, ақыл соңынан.
***
Ашу алдында, ақыл соңында.
***
Ашу арты – ашыну,
Өкініш – басты қасыну.
***
Ашу арындайды,
Ақыл аяңдайды.
***
Ашу асыққанда ақыл басу айтар.
***
Ашу асып жүрген жерде,
Ақыл қашып жүреді.
***
Ашу ауруыңды қозғайды.
***
Ашу деген қарғыма тас кезеңдей,
Сабыр деген сарқылмайтын өзендей.
***
Ашу – дұшпан,
Ақыл – дос.
***
Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос.
***
Ашу – ердің айбары.
***
Ашу жаныңа жәбір келтіреді.
***
Ашу жүйкені бұзады,
Жүйке ұйқыны бұзады.
***
Ашу жұту – тау жұту.
***
Ашу жұты – тау жұты.
***
Ашу кейіпті бұзады,
Білім биікті бұзады.
***
Ашу келсе, ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса, ашу нетер.
***
Ашу, қаһар асығыс іс қылдырар,
Онда өмірің зая кетер, құлдырар.
***
Ашу қысқан жаман іске ұрынар,
Ызалыға білім үйрет, ұғынар.
***
Ашу қысса, ақылың ғайып болады.
***
Ашу қысса, аузыңды жап.
***
Ашу мен егес жұмыс тындыртар.
***
Ашу – пышақ,
Ақыл – таяқ.
***
Ашу – пышақ,
Ақыл – таяқ,
Біреуге пышақ, екеуге таяқ.
***
Ашу – садақ,
Ақыл – таяқ.
***
Ашу сиықты бұзады,
Ақыл биікті бұзады.
***
Ашу – сөздің бұлты,
Ақыл – сөздің кілті.
***
Ашу тұрған жерде ақыл тұрмас.
***
Ашу түбі – кейіс,
Ақыл түбі – кеніш.
***
Ашу үстінде ант жүрмейді.
***
Ашу үстіне ант жүрмейді,
Пышақ үстіне қылыш жүрмейді.
***
Ашу – шабыстырады,
Ақыл – табыстырады.
***
Ашу-ыза – ақымақтың белгісі.
***
Ашуға айғыр сал.
***
Ашуға сабыр.
***
Ашудан қасаң тартасың,
Күлкіден жасаң тартасың.
***
Ашуды жеңсең, ақыл толады.
***
Ашумен басталған іс
Абыройсыз аяқталады.
***
Ашуланса, көшке берген тайлағын алсын.
***
Ашулансаң, қолыңнан не келеді,
Еңкейгенде астыңнан жел енеді.
***
Ашулы артынан өкінер.
***
Ашулы атасына қарамайды.
***
Ашулы басқа ақыл тұрмайды.
***
Ашулы бектен аулақ жүр.
***
Ашулыда ақыл болмас,
Ақыл көп болса, ашу нетер.
***
Ашулыда ақыл болмас,
Ақымақта мақұл болмас.
***
Ашулыдан алты табан қашық тұр.
***
Ашулының алдында болма.
***
Ашулының алдында тұрма.
***
Ашумен басталған іс абыроймен аяқталмайды.
***
Ашумен зорлама,
Ақылмен қорла.
***
Ашуменен бір жақсыдан айрылып,
Қадір білмес бір жаманға тап болма.
***
Ашуменен іс қылсаң, қалдырады ұятқа,
Ақылменен іс қылсаң, жеткізеді мұратқа.
***
Ашушаң жақсы болмас,
Жақсы ашушаң болмас.
***
Ашушаңның анты болмайды,
Сабырсызға дәулет қонбайды.
***
Ашуы көп болса, ақылы кетер,
Ақылы көп болса, ашу не етер.
***
Ашуың келсе, қолың тарт.
***
Ашуың келсе, қолың тарт,
Айтпас жерде тілің тарт.
***
Ашуың шықса да, сөгінбе,
Сөгінген соң, өкінбе.
***
Ашуыңа ақыл сал,
Ашуыңды қайтып ал.
***
Ащы айтсаң да, әділ айтқан кезіңде,
Ақылдылар шамданбайды сөзіңе.
***
Аюды жеңген – жарты ер,
Ашуды жеңген – бүтін ер.
maqal-matel.kz
