Д

Дауласқанда, дауыңды айтпаса,
Жауласқанда, таяғыңды соқпа,
Ол туыстан дұшпан артық.
***
Дауыссыз тиген ажал оқ,
Кәрілікке сілет жоқ.
Қайтқан көңіл, шыққан жан,
Жаман туған кез болса,
Дүнияда одан артық пәле жоқ.
***
Дос бар – туғаннан да тәуір опа көрсететін,
Туған бар – жаттан да жаман жапа көрсететін.
***
Дос-жараннан үзілсе үміт – ауыр мұң,
Жат кісідей мінезі бар бауырдың.
***
Дос пен жақын – ерге тірек.
***
Досың да ағайын,
Дұшпаның да ағайын.
***
Досың туыстай болғанға мақтан,
Жаумен дос болғаннан сақтан.
***
Дұшпандық етсе туысың,
Жолама оған, құрысын.
***
Дүние, қапаң да көп, жапаң да көп,
Қисайып қыңырайған соң қапаңда көп.
Дәулет кетіп қолыңнан қайта қонса,
Дұшпандарың қызмет қылар апаңдай боп.
***
Ділі қаттыға әркім жат,
Ақ көңілдіге әркім жақ.

maqal-matel.kz