Дана – ақыл сұрамас.
***
Дана – ақылдан озар,
Надан – ақылдан тозар.
***
Дана бір жерде,
Жалқау мың жерде.
***
Дана ойлап айтар,
Жаман ойнап.
***
Дана сөз айту да – даналық.
***
Дана ыммен түсінсе,
Наданға таяқ.
***
Даналар да көп білем деп айтпаған,
Олар да дамылсыз көптен оқыған.
***
Даналардың сөздері гауһармен тең.
***
Даналық ананың сөзінде,
Мейірі екі көзінде.
***
Даналық сақалда емес, санада.
***
Даналық сөз дау шешер.
***
Дананы қатты сыйлап, сөзін сүйгін,
Білімін аз-көп болсын ойға түйгін.
***
Дананың ақылы – дария,
Халықтың ақылы – мұхит.
***
Дананың сөзі – соқырдың көзі.
***
Дананың сөзіне бақ,
Жақсының өзіне.
***
Данышпан айтса, ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны.
***
Данышпан да жаңылар кез болады.
***
Данышпанның тілегі де қарапайым келеді.
***
Дарияны теріс ағызған ақылдан бармақтай бақ ілгері.
***
Дарын – жанып тұрған жалын.
***
Дауды ақыл жеңеді,
Жауды батыл жеңеді.
***
Дәнді жинаған дана.
***
Достың ақымағынан да
Дұспанның ақылдысы жақсы.
***
Досы көпті жау алмайды.
Ақылы көпті дау алмайды.
***
Досың аз, дұшпаның көп болса,
Жер боларсың.
Ақылың аз, ашуың көп болса,
Қор боларсың.
***
Дұшпанға кеңес берген де ақымақ,
Дұшпаннан кеңес алған да ақымақ.
***
Дүниеңді тоздырсаң да,
Ақылыңды аздырма.
***
Дін ғалымнан бұзылады,
Жұрт залымнан бұзылады.
maqal-matel.kz
