Аға –
Еңбекпен көркем.
Бала –
Біліммен көркем.
***
Аға ініге ұстаз,
Апа сіңліге ұстаз.
***
Ағаш бесіктен жер бесікке дейін үйрен.
***
Адам баласы әдемі киімімен жақсы болмайды,
Әдепті, біліммен жақсы болады.
***
Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл.
***
Адам біліммен көтеріледі.
***
Адам жүрген жермен адам жүреді,
Біреу білмегенді біреу біледі.
***
Адамды білім сақтайды.
***
Адамды өмір үйретеді,
Үйренбесе, күйретеді.
***
Адамнан адамның артығы – ақыл мен білімде.
***
Адамнан адамның парқы бар,
Ол тек білімінен жарқырар.
***
Аз-аздан үйреніп дана болар,
Бір-бір тамшыдан жиналып дария болар.
***
Азын-шоғын ағалық,
Аз оқыған молдалық,
Ата ұлына керек-ті.
***
Азынаған аязда,
Шапаныңнан тон артық.
Шала оқыған сабаздан
Көпті түйген көне артық.
***
Айт жеткізіп білімдіге, мұны ұғар,
Құлын ат боп, қысырақ та тынығар.
***
Айтпаса білмейсің, ашпаса көрмейсің.
***
Ақкөңіл – адам ойының тазасы,
Әділ, тура, ақкөңілге не жетсін,
Парасат пен білімді де қажетсін.
***
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
***
Ақыл – аздырмайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
***
Ақыл бізді білімге жетелейді.
***
Ақыл, қайрат, білімді
Тең ұстаған зор болар.
***
Ақыл мен білім арманыңды іске асырады.
***
Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл.
***
Ақыл – мың оқудың басы.
***
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
***
Ақыл-ой мен білім – әр адамның сәулеті.
***
Ақыл-ойды сабақ өсіреді,
Адамды заман өсіреді.
***
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
***
Ақыл тыңдай білсең, жаңаланады,
Білімді қайталасаң, жаңарады.
***
Ақыл – шам-шырағың түндегі,
Білімділік – жарық көзі күндегі.
***
Ақылды адам
ақымақтан да бірдеңе үйренеді.
***
Ақылды ақымақтан үйрен.
***
Ақылды болсаң, азбайсың,
Білімді болсаң, маздайсың.
***
Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
***
Ақылды ұл білім іздер,
Ақылсыз ұл шылым іздер.
***
Ақылдыны іздегеннің өзі – нағыз ақылды,
Білімдіні іздегеннің өзі – нағыз білімді.
***
Ақылдыны білім ұстамды қылады.
***
Ақылдың өлшеуі – қалам.
***
Ақылы болса, аяулы болады,
Білігі болса, бектікке таласады.
***
Ақылыңды ұрлатпасаң, ғалым боласың.
***
Ақымақты үйрету, өлгенді тірілту.
***
Алған сабағың біреу болсын,
тарқауы мың болсын.
***
Алтынды ұстай білмесе, мыс етеді.
***
Алшаңдап басар ат аз ба,
Аяңы жорғаға бергісіз.
Көкірегі сара қарт аз ба,
Білімі молдаға бергісіз.
Құт-берекелі үй аз ба,
Хан ордасына бергісіз.
***
Анасыз адам батасыз,
Білімсіз адам санасыз.
***
Арланған мен ұялған білімсіз қалар.
***
Артық кетсе, түйсік түзер хал-жайды,
Ел бүлінсе, білім түзеп талдайды.
***
Асырауын тапса, адам болар.
Оқуын тапса, білім қонар.
***
Атаққұмар – азар,
Білімқұмар – озар.
***
Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр.
***
Ашқарақ баланың көзі тамақта,
Ақылды баланың көзі сабақта.
***
Ашу кейіпті бұзады,
Білім биікті бұзады.
***
Ашу қысқан жаман іске ұрынар,
Ызалыға білім үйрет, ұғынар.
***
Ашылғанның айыбы жоқ,
Өзі біліп жапқан соң.
***
Аюға намаз үйреткен таяқ.
***
Аюға намаз үйреткен – таяқ,
Молдаға намаз үйреткен – тамақ.
***
Аяңшыл ат арымас,
Білімді жігіт тарылмас.
maqal-matel.kz
