Д

Даланың аңына сын тақпа,
Алдыңдағы малыңа сын тақ.
***
Дәмін байқап татпаса,
Пысқан аста шикі бар.
Байқап сырын тартпаса,
Адамда да түлкі бар.
***
Дәндеген қарсақ құлағымен ін қазады.
***
Диірменде туған тышқан
Дүрсілден қорықпас.
***
Диірменде туған тышқан
Күннің күркірегенінен қорықпайды.
***
Дұшпан алдында алданба,
Ол тұзақ құрып отырады.
Жарамсақтың мақтауына мастанба,
Ол құлқынының қамын ойлап қатырады.

maqal-matel.kz