Дәулет есіктен кіреді,
Бала бесіктен кіреді.
***
Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде қолға ұстаған мұздай.
***
Дәулет көрмегенге дәулет бітпестей болады,
Өзінен паланды кісіменен қас болады.
***
Дәулет қонған кісіге дос жиналар,
Дәулет кетсе, табалап топырақ шашар.
***
Дәулет қонса қара шыбын басына,
Самұрық келіп жалпылдайды қасына.
***
Дәулетті ұл – ошақтың қоры,
Дәулетсіз ұл – атаның көрі.
***
Дәулеттінің дәмінен.
***
Дәулеті бардың қолы ұзын.
***
Денсаулық – зор байлық.
***
Денсаулық – терең байлық.
***
Диқанның қазынасы – жер.
***
Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
***
Дүние – боқ.
***
Дүние деген қолдың кіріндей.
***
Дүние, дүние де қалады,
Әкең өлсе, шешеңді біреу алады.
***
Дүние жиған жемейді,
Бұйырған жейді.
***
Дүние жиып артыңа мүлік қалдырғанша,
Адамшылық даңқ қалдыр.
***
Дүние жиып не етерсің,
Бір күн тастап кетерсің.
***
Дүние жиып нетесің,
Бір күні тастап кетесің.
***
Дүние, қапаң да көп, жапаң да көп,
Қисайып қыңырайған соң қапаңда көп.
Дәулет кетіп қолыңнан қайта қонса,
Дұшпандарың қызмет қылар апаңдай боп.
***
Дүние қусаң, жеткізбейді,
Қашсаң, құтқармайды.
***
Дүние-мал жомартқа жарасады.
***
Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.
***
Дүние-малға тарықпа,
Көңіл тарлығы – қайғының көзі.
***
Дүние-малды атақ үшін жияды.
***
Дүние тапқаннан емес,
Ұқсатқаннан құралар.
***
Дүние толмай, қолды жайғызады,
Қанағат болса, көңіл тойғызады.
***
Дүние үшін өзіңді отқа салма,
Біреудікін күшпен тартып алма.
***
Дүниеден озған жанның
Алды – пейіш, арты – кеніш.
***
Дүниені қусаң, жеткізбейді,
Қашсаң, қуады.
***
Дүниенің қадірін берерде білерсің,
Жанның қадірін өлерде білерсің.
***
Дүниенің құлы болма.
***
Дүниеңді тоздырсаң да,
Ақылыңды аздырма.
***
Дүниесі, малы барға жағынды ел,
Азат жанын құл қып беріп, бағынды ел.
Малсыз ерді көрмей өтіп, елемей,
Көзін жұмып, жүз үйіріп, қағынды ел.
***
Дін мен дүниенің бірігуі қиын.
maqal-matel.kz
