Абылайдан басқа төре – ас еңбегі,
Түлкі алмайтын жаман бүркіт – ат еңбегі.
***
Абырой – ар еңбегі.
***
Абыройлы боламын десең,
Өз жұмысыңның ұстасы бол.
***
Аға –
Еңбекпен көркем.
Бала –
Біліммен көркем.
***
Ағайыныңды іске шақырма
Асқа шақыр.
***
Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.
***
Адал еңбек, алғыр ой –
анық досың біліп қой.
***
Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.
***
Адал еңбекті кім етеді,
Мұратқа сол адам жетеді.
***
Адал еңбектің абыройы жоғары.
***
Адамға бір жұмыс – бақ,
Бір жұмыс – дақ.
***
Адамды еңбек көркейтеді,
Ағашты – миуасы.
***
Адамды түсіне қарап таныма,
Істеген ісіне қарап таны.
***
Адамзатты жұмыс жұбатады.
***
Аз ба, көп пе етпесең әрекет,
Тірлігіңде болмайды берекет.
***
Азан айтпақ – молданың ісі.
***
Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.
***
Ай-айдың жұмысы айға қалмасын,
Аттың жұмысы тайға қалмасын.
***
Айғырды үйірінде,
Атты жұмыста сына.
***
Айғырыңды мінгенің –
Биенің қысыр қалғаны.
Немеренің ақылы –
Еңбегіңнің жанғаны.
***
Айдап салдың малы өспес,
Алакелдің жұмысы бітпес.
***
Айдың жұмысы айға қалмас,
Аттың жүрісі тайға қалмас.
***
Айтқызып істеген істің іске сәндігі жоқ,
Қамшылатып шапқан жүйріктің
жүйрікке сәндігі жоқ.
***
Айттырған – жаманның ісі,
Қамшылатқан – шабанның ісі.
***
Айтуға оңай, істеуге қиын.
***
Ақшасыздың қолы келте,
Жалқаулардың тоны келте.
***
Ақылды ойлағанша, тентек ісін бітіреді.
***
Ақылы жоқ сұлудан,
Өңі жаман текті артық.
Ұрлап алған түйеден,
Еңбекпен тапқан ешкі артық.
***
Ақылсыз бай ішпей-жемей мал жияды,
Ақылсыз кедей еңбек қылмай шалжияды.
***
Ақылсыз сұлу ханымнан,
Ақылды, көріксіз күң артық.
Ақылмен іс қылған соң,
Болады онан кім артық.
***
Ақымақтың мал табуға кемі жоқ,
Ақылдының мал табуға себі жоқ.
***
Ақысын берсе, боқысын шығарар.
***
Ақысын берсе,
Қоқысын шығарар.
***
Ала келмен іс бітпес.
***
Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.
***
Алма ағаш жемісімен тәтті,
Сүйгенің ақыл, жұмысымен тәтті.
***
Алтын әзәзіл – аздырар,
Адал еңбек – бойыңды жаздырар.
***
Алтынды еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер.
***
Алтын жер астында емес, тер астында.
***
Аманат жұмыс әлекке салады.
***
Аңды ия көрінбеген атады,
Ия ерінбеген атады.
***
Ар сатып алған атақтан,
Тер сатып алған мал артық.
***
Арам қулық елден кеткізер,
Адал еңбек елге жеткізер.
***
Арба иесі көпшіктер,
Киіз иесі білектер.
***
Арқа еті арша, борбай еті борша.
***
Артық олжа – басқа еңбек.
***
Арымаңыз, ашпаңыз,
Тер төгуден қашпаңыз.
***
Арын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
***
Арыңды сатып ішпе,
Теріңді сатып іш.
***
Ас бар, аспазшы жоқ,
Мал бар, бақташы жоқ.
***
Ас болса, іс болмаса,
Жаз болса, қыс болмаса.
***
Асқа ет керек,
Іске еп керек.
***
Асты көрсе, ішер таз,
Істі көрсе, қышыр таз.
***
Асығыс істеген жұмыс сәтті болмас.
Шала пысқан тамақ тәтті болмас.
***
Асыққан ісін бітірмес,
ақылды жігіт атын жітірмес.
***
Асыққан ісі зиянға кетер.
***
Ат жақсысы ұзақ жолда сыналады,
Адам жақсысы ұзақ істе сыналады.
***
Ат ұстаған азабынан құтылар.
Ер ұстаған еңбегінен құтылар.
***
Ата кәсібі – бала нәсібі.
***
Аттан аттың несі артық,
Адымдап басқан ізі артық.
Ерден ердің несі артық,
Ерінбей еткен ісі артық.
***
Атына қарай тұрманы,
Еңбегіне қарай қырманы.
***
Аузыңды қу шөппен сүрте берме,
Есектің к…н жу да, мал тап.
***
Аузыңды көкке ашпа,
Адал еңбектен қашпа.
***
Ауқатқа адымда, еңбекке дабылда.
***
Аулақтама, еңбектен сен шошыма,
Еңбекте әркез мерей, ақыл, досың да.
***
Ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды.
***
Ауылы қарайластың шаруасы орайлас.
***
Ауыр жол – атанды сынайды,
Ауыр іс – адамды сынайды.
***
Ауыр істен қорықпа,
Ауыр сөзден қорық.
***
Ауыр істің салмағы білекке түсер,
Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер.
***
«Аһ» де, «уһ» де,
Өз ісіңді өзің істе.
***
Аштық еңбеккердің терезесіне үңілгенмен,
Үйіне бас ұға алмайды.
***
Ашу мен егес жұмыс тындыртар.
***
Ашумен басталған іс абыроймен аяқталмайды.
***
Ашуменен іс қылсаң, қалдырады ұятқа,
Ақылменен іс қылсаң, жеткізеді мұратқа.
***
Ащы еңбектен тәтті нан.
maqal-matel.kz
