А

Адамға шабатын арыстаннан
Жүк таситын есек артық.
***
Ақымаққа жалмаң қылма, малы бар деп,
Есекті тұлпар деме, жалы бар деп.
***
Алтын артқан атанның да
Алдында есек, артында ит жүреді.
***
Аңқау аңдамайды,
Әңгі тыңдамайды.
***
Аптыққан есек аттан озар.
***
Арпа берген кісіден есек қашпайды.
***
Арыстанды тырнағынан танимын,
Көк есекті құлағынан танимын.
***
Арыстанды тырнағынан танимын,
Көк есекті тұяғынан танимын.
***
Ат айлығын ойлайды,
Түйе жылдығын ойлайды.
Есек екі аяғының астын ойлайды.
***
Ат барда, есекке жол болсын,
Дос барда, есепке жол болсын.
***
Ат жоқ жерде есек те ат.
***
Ат жоқта есек жорға,
Ақиқат жоқта өсек жорға.
***
Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.
***
Ат пен есек ақырлас болса, зеңі жұғады.
***
Ат пен есек мінездес болады.
***
Ат тапқанша есек мін.
***
Ат қартайса,
Есекпен достасады.
Адам қартайса,
Төсекпен достасады.
***
Атқа алтын таға тағаласа,
Есек аяғын көтеріпті.
***
Атты тағаласа, есек бұтын көтереді.
***
Атты тағаласаң,
Есек аяғын көтереді.
***
Атың барда есек мінбе.
***
Аузыңды қу шөппен сүрте берме,
Есектің к…н жу да, мал тап.
***
Ауыл толы есектен,
Арық та болса, ат жақсы.
***
Аш ит ет тапса, асай береді:
Иесінің түйесі ме, дажалдың есегі ме, оған бәрібір.

maqal-matel.kz