Адам бір сөйлескенде – жылан,
Екі сөйлескенде – құлан,
Үшінші сөйлескенде – адам.
***
Ажалды киік адырға қашады.
***
Ажалды киік адырға шығады.
***
Ажалды киік құлағын қасиды
***
Ажалды киіктің аяғы тыныш жатпайды.
***
Ажалды тышқанға аш мысық тап болар.
***
Ажалды шошқа орда оттайды.
***
Ажалы жеткен тышқан
Мысықтың ернін тартып жатады.
***
Ажалы жеткен тышқан
Мысықтың үстіне секіреді.
***
Ажалы жеткен тышқан
Ұйықтап жатқан мысықты оятады.
***
Ай жарық, қоян арық.
***
Айдаһар асқынса, айға ұмтылар,
Ақымақ асқынса, анасына ұмтылар.
***
Айдаһардың аузынан қалсаң,
Жыланның шаққанына қуанарсың.
***
Айқайдан шыққан ақ бөкен,
Қашып қайда құтылар, –
Құрулы қақпан жатқан соң?
Жылқыдан шыққан қашаған,
Қашып қайда құтылар, –
Мойнына бұғау атқан соң?
***
Айламен арыстан ұстаған,
Күшпен тышқан ұстай алмайды.
***
Ақ бөкенді «жатыр» деме,
Көшпелі елді «отыр» деме.
***
Алманың асылын аю жер.
***
Алпыс құлан ат болмас.
***
Алпыс құлан ат болмас,
Атасына нәлет аңшының.
***
Алпыс құлан ат болмады, атасына нағлет аңшылық.
***
Анаға ішінен шыққан соң,
Ұлан да бала, жылан да бала.
***
Аңқау теке сұрмергенге жолығар.
***
Арқар –
Құлжасымен,
Өзен –
Жылғасымен.
***
Арқардың ойға көшкені,
Қыстың тауға түскені.
***
Арқада аяз болмаса,
Арқарлар ауып несі бар.
***
Арқада жыл жақсы болса,
Арқар ауып несі бар.
***
Асаудың теппесе
Ақысы кетеді.
Жыланның шақпаса
Ақысы кетеді.
***
Атасы бұлан атпаған,
Баласы құлан атпас.
***
Атасы бұлан атпағанның,
баласы құлан атпайды.
***
Атасы доңыз атпағанның
Баласы қоңыз атпайды.
***
Аю – иісшіл,
Арқар – дыбысшыл.
maqal-matel.kz
