Ағайының есейіп жау болады,
Жауың кәртейіп дос болады.
***
Ағын су арам болмас,
ит жалдап жаласа да,
жақсы адам жаман болмас,
жасы жетіп қарыса да.
***
Адам алға баса алмас,
Балалықты тастамай.
Шалға бермес бала бар,
Мінгенімен ашамай.
***
Адам артындағысын көріп қартаяды.
***
Адам баласы артындағысын көріп қартаяды.
***
Адам бастан қартаяды,
Қартайған соң мал таяды.
***
Адам болар баланы толықпаған жас деме,
Жамандығын көргенше, жолдасыңды қас деме.
***
Адам жасында тойшыл, қартайғанда ойшыл.
***
Адам кейінгіні көріп қартаяды.
***
Адам кейінгіні көріп, қартаяды,
Алдыңғыны көріп, марқаяды.
***
Адам қызығы – қарығанша,
Ат қызығы – арығанша.
***
Адам өзінен кейінгілерді көріп қартаяды.
***
Адамды екі нәрсе қартайтпайды:
Бірі – жақсы мінез, бірі – жақсы сөз.
***
Адамның балалық шағы – патшаның тағы.
***
Адасқан қаңғи береді,
Ұйқышыл қалғи береді,
Ақылсыз кәрі алжи береді.
***
Ажал қойса да, жас қоймайды.
***
Ажал төрелеп келсе, кәріге,
Төтелеп келсе, жасқа келеді.
***
Айта-айта алтынды,
Әнші апай да қартайды.
***
Ақ қоян алдырмайды өрде болса,
Ақсақал бас мүжиді төрде болса.
***
Ақ шашты ана:
«Жастығым – балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім – анам» дейді.
***
Ақсақалдан бата алған,
Құдайдың рахметіне жолығар.
***
Ақыл алсаң, азбассың,
Көпті көрген көнеден.
***
Ақыл аста, қайрат жаста, асыл таста.
***
Ақыл деген ағып жатқан дария,
Кеме айдаушы кемеңгер бір қария.
***
Ақыл – жас ұланнан,
Жүйрік тай – құлыннан.
***
Ақыл жас ұланнан шығады,
Жүйрік тай-құнаннан шығады.
***
Ақыл жасқа бітер,
Қына тасқа бітер.
***
Ақыл жаста,
Асыл таста.
***
Ақыл – жастан,
Асыл – тастан.
***
Ақыл – жастан,
Қына – тастан.
***
Ақыл жастан шығар,
Асыл тастан шығар.
***
Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.
***
Ақылды кәрия – ағып жатқан дәрия.
***
Ақылды қария – ағын дария.
***
Ақылды мың жасар,
Ақымақ бір жасар.
***
Ақылсыз қарт өкінішпен қартаяр,
Есті қарт қайғырмай-ақ қартаяр.
***
Ақылсыз үлкеннен
Ақылды бала артық.
***
Ақылы жоқ шалдан
Бесіктегі бала артық.
Қайырымы жоқ ұлыңнан,
Астыңа мінген ат артық.
***
Ақымақ білмес атының арығанын,
көсе білмес жасының кәрілігін.
***
Ақымақ білмес атының арығанын,
Көсе білмес жасының қарығанын.
***
Ақырап, қауыс,
Кәрі-құртаңды тауыс.
***
Алжыған арыстанның сақалын қоян жұлар.
***
Алжыған ат сүрлеуін ұмытады,
Алжыған шал белбеуін ұмытады.
***
Алжыған төбет айға қарап үреді.
***
Алпысқа келгенде арпаның кебегі алтын көрінеді.
***
Алпысқа дейін асыр,
Жетпістен соң жасыр.
***
Алпыстан асқан атаңнан ақыл сұрама.
***
Алпыстан кейін шал ерке,
Алтыға дейін бала ерке.
***
Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал алдынан шығар.
***
Алты жасар бала алыстан келсе,
Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.
***
Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал сәлем береді.
***
Алты жасар бала атқа мінсе,
алпыстағы шал сәлем берер.
Алты жасар бала жолдан келсе,
алпыстағы шал алдынан шығар.
***
Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал
Алдынан шығып атын ұстар.
***
Алты жасар жолдан қайтса,
Алпыс жасар көрісе келер.
***
Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке.
***
Алтын-күміс тастан шығар,
Ақыл мен ой жастан шығар.
***
Алтын тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.
***
Алтын шірімес, дау қартаймас.
***
Алшаңдап басар ат аз ба,
Аяңы жорғаға бергісіз.
Көкірегі сара қарт аз ба,
Білімі молдаға бергісіз.
Құт-берекелі үй аз ба,
Хан ордасына бергісіз.
***
Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы қарт шығып атын байлар.
***
Арақ ішіп мас болдым,
Қатын алып жас болдым.
***
Арманы жоқ жас –
Қанатсыз қарлығаш.
***
Арпа берсең, атқа бер,
Күтір-күтір шайнасын.
Қызды берсең, жасқа бер,
Құшақтасып ойнасын.
***
Арпа берсең атқа бер,
Күтір-күтір шайнасын.
Қызды берсең қартқа бер,
Сақалымен ойнасын.
***
Арықты күтсең, тойынар,
Кәріні күтсең, сойылар.
***
Арын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
***
Арыстан қартайса, тышқаншыл.
***
Арыстан қартайса, тышқан аулайды.
***
Ас атасын – нан дейді,
Сөз атасын – «шал» дейді.
***
Ас жүрген жер – береке,
Жас жүрген жер – мереке.
***
Асарын асаған,
Жасарын жасаған.
***
Асарын асап, жасарын жасаған.
***
Асарыңды асадың,
Жасарыңды жасадың.
***
Асыл таста, өнер жаста.
***
Асыл – тастан,
Ақыл – жастан.
***
Асыл тастан шығар,
Өнер жастан шығар.
***
Асырайтын жас болса,
Өлетін кәрі жоқ.
***
Ат аяғын тай басар.
***
Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.
***
Ат қартайса,
Есекпен достасады.
Адам қартайса,
Төсекпен достасады.
***
Ат қартайса
Жасқаншақ болады,
Ер қартайса,
Мақтаншақ болады.
***
Ат қартайса, сүріншек,
Ер қартайса, жаңылшақ.
***
Ат қартайса – ұрыншақ,
Ер қартайса – жаңылшақ.
***
Ат қартайса ұрыншақ болар,
ер қартайса жаңылшақ болар.
***
Ат тай-құнаннан,
Ақыл жас ұланнан.
***
Ата-анаңды сыйласаң, көп жасарсың,
Сыйламасаң, жан қинарсың.
***
Атан түйе жүк астында қартаяр.
***
Атаң алпысқа кірсе, малай іздеме.
***
Аузын аш, тісі жоқ болса қаш.
***
Ауруда шаншу жаман,
сөзде қаңқу жаман.
***
Аурудың жақсысы жоқ,
дәрінің тәттісі жоқ.
***
Ауылға алты жасар бала келсе,
Алдынан алпыс жасар шал шығады.
***
Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
***
Ауылыңда қария болса,
Жазулы хатпен тең.
Айналаңда төбе болса,
Ерттеулі атпен тең.
***
Ауылыңда қарияң (қартың) болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.
***
Ауылыңда қартың болса, хатың сол,
Жаманың болса, жатың сол.
Жақсылық болса, жақының сол.
***
Аштық ас талғатпайды,
Ашықтық жас талғатпайды.
***
Ашудан қасаң тартасың,
Күлкіден жасаң тартасың.
***
Ащылаған түйеге сортаң тұздай,
Қатыны жоқ жігітке кемпір қыздай.
***
Аюдың алжығаны тасқа шығып ұлиды.
***
Аяқтан кәртейсең – тұралағаның,
Бастан кәртейсең – қуарғаның.
maqal-matel.kz
