А

Ағу дария харам болмас,
Қанша ит келіп сарыса да.
***
Ағын су арам болмас,
ит жалдап жаласа да,
жақсы адам жаман болмас,
жасы жетіп қарыса да.
***
Адам баласы зарыға бермейді,
Ит баласы зорыға бермейді.
***
Адам болсаң, адамға табынба,
Итке құйрық болып тағылма.
***
Азығы жоқ ит – бөрі болар.
Азығы жоқ жігіт – ұры болар.
***
Айыр етекті шапанға ит өш.
***
Ақ ит, қара ит – бәрі бір ит.
***
Ақсақ ит сау иттен сауға сұрапты.
***
Ақсақ ит сау иттен сауға тілейді.
***
Ақсақ иттің көңілі ар жаққа.
***
Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді,
Ырысы қайтқанның иті ұры кеткен соң үреді.
***
Алжыған төбет айға қарап үреді.
***
Алтын артқан атанның да
Алдында есек, артында ит жүреді.
***
Аңдысқан ауыл болмас,
Ит балалап сауын болмас.
***
Арыстан жемін бас салса,
Ит үргеннен не пайда.
***
Арыстанның құйрығы болғанша,
Арлан иттің басы бол.
***
Асқа талау түссе, иттің мұратын береді.
***
Асы жоқ үйді ит те сүймейді.
***
Асыранды күшік
Аузыңды жалайды.
***
Ат жалдаған өтер,
Ит жалдаған кетер.
***
Ат жаманы тұрып тышады,
Ит жаманы үріп тышады.
***
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
***
Ат мінезі құлағынан белгілі,
Ит мінезі құйрығынан белгілі.
***
Ат өлсе, иттің тойы.
***
Ат теппейді деме,
Ит қаппайды деме.
***
Ата тілін алмаған антұрғанның
Ат үстінен аяғын ит қабады.
***
Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса, ат үстінен ит қабар.
***
Атадан жақсы ұл туса,
Мұз үстінен от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Түйе үстінен ит қабар.
***
Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
***
Атасын сыйласаң, баласын сүй,
Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.
***
Атқа талау тисе, иттің мұраты береді,
Жақсы кісі аттан жығылса, жаман табаға келеді.
***
Атымды атап, сыбағамды итке сал.
***
Атын ата да, итке таста.
***
Атын ата да, сыбағасын итке сал.
***
Атты теппейді деме,
Итті қаппайды деме.
***
Аузы кіші, қарны әйдік,
Қой семірсе, көтерер.
Қарны кіші, аузы әйдік,
Ит семірсе, көтерер.
***
Ауру кісі күлкі сүймейді,
Ит жүйрігін түлкі сүймейді.
***
Аузынан ақ ит кіріп,
Қара ит шығады.
***
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
***
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі көргенде бірігеді.
***
Ауыл иті бөріні көрсе, жарасар.
***
Ауыл итінің аузы ала болса да,
Бөрі көргенде бірігеді.
***
Ауыл итінің құйрығы жоғары.
***
Ауыл итінің құйрығы қайқы.
***
Ауылға жақындағанда ит озады.
***
Ауылға жақындағанда ит те үреді.
***
Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпайды.
***
Аш елден ит қашады,
Азған адамнан бит қашады.
***
Аш ит ет тапса, асай береді:
Иесінің түйесі ме, дажалдың есегі ме, оған бәрібір.
***
Аш итке ас берсең,
Анаңа тартқаның.
Жаяуға ат берсең
Атаңа тартқаның.
***
Аш иттің артын сұқ ит жалайды.
***
Аш иттің құйрығын
Сұқ ит жалайды.
***
Аш иттің көтін сұқ ит жалайды,
Сұқ иттің көтін сұм ит жалайды,
Сұм иттің көтін сұр ит жалайды.
***
Аш мал өреген, аш ит үреген.

maqal-matel.kz