А

Ағайын көңіл қалдырса,
Алыстан жақын іздейсің.
***
Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.
***
Адам көңілден азады, тілден жазады.
***
Адам лебізден,
Мал бауыздаудан.
***
Адамның көңілі
Бір атым насыбайдан қалады.
***
Адамның көңілі де көк сияқты қаулайды, семеді.
***
Айныған болса да, бүтін болсын.
***
Айтпайын десем,
Ақым кетіп барады.
Айтсам, ағайынның көңілі қалады.
***
Ақ киім – кірлегіш,
Ақ көңіл – кешіргіш.
***
Ақ көңілді адамға біреудің сырқауы батар.
***
Ақкөңіл – адам ойының тазасы,
Әділ, тура, ақкөңілге не жетсін,
Парасат пен білімді де қажетсін.
***
Ақкөңілдің аты арымас, тоны тозбас.
***
Ақсақ иттің көңілі ар жаққа.
***
Ақтың көңілі – жарық, күні – жаз.
***
Ақша қарда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар.
Ағайыннан шет жүрсең,
Көңілің бір күн тарығар.
***
Ақша қарда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар.
Алыс жерде көп жүрсең,
Көңілің бір күн тарығар.
***
Ақшаңнан айрылсаң,
Өкінерсің, күйінерсің.
Арыңнан айрылсаң,
Қайтып тірі жүрерсің.
***
Ақыл – дария, көңіл – дүлдүл.
***
Ақыл дария екен,
Көңіл дүлдүл екен.
***
Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.
***
Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.
***
Ақымақтың тізгіні – құлағы,
Ақылдының тізгіні – көңілі.
***
Ала ат мінгеннің көзі тыныш,
Шұбар қатын алғанның көңілі тыныш.
***
Алаңсыз адам асықпайды,
Асықпаған аман жүреді.
***
Алған деген ат болды,
Қалған көңіл дақ болды.
***
Алғаның жаман болса, көңілің жарым.
Атың жаман болса, талар қарың.
***
Ана көңілі ауырса, апат болады.
***
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
***
Аңшылық жан семіртеді.
***
Артық байлық адамды аздырады,
Артық күлкі жиреніш тудырады.
***
Ары жат, бері жат – төсек тарлығы,
Ары тарт, бері тарт – көңіл тарлығы.
***
Арық көңіл – жарық.
***
Арық көңіл – шарық
***
Арымақ, семірмек – көңілден.
***
Асың дәмді болса, көңілің сәнді болар.
***
Асыңа тойғызбасаң да,
Асыл ниетіңе тойғыз.
***
Ат үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Ер үйірін сағынса,
Айыл-тұрман тағынар.
***
Ат жүйрігін түлкі сүймес,
Ауру адам күлкі сүймес.
***
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
***
Атаңа нәлет ешнәрсе емес,
Әшейін, көңіл қалдырады.
***
Атың жақсы болса, жолдың пырағы,
Балаң жақсы болса, көңіліңнің шырағы.
Атың жаман болса, арманың кетеді,
Балаң жаман болса, дарманың кетеді.
Қатының жаман болса, үйіңнен мейманың кетеді,
Үйге мейман келгенде бұға-бұға кетерсің.
***
Ауру адам – қаяушыл.
***
Ауруға бала да мазасыз.
***
Ашудан қасаң тартасың,
Күлкіден жасаң тартасың.
***
Ашулы артынан өкінер.
***
Ашық әйелден ақымақ жігіт дәметеді.

maqal-matel.kz