А

Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
***
Адам көші керуендей тізілген,
Көп кідірмес кезі бар ма үзілген?
***
Азы-көбі күшіңнің белдескенде білінер,
Азы-көбі түйеңнің ел көшкенде білінер.
***
Айрыларда әйел жаман,
Көшерде жұрт жаман.
***
Ақ бөкенді «жатыр» деме,
Көшпелі елді «отыр» деме.
***
Алды қозғалған керуеннің арты кідірмейді.
***
Алдыңғы көш қайдан жүрсе,
Соңғы көш сонан жүрер.
***
Алдыңғы көштің адасқанын
Кейінгі көш білер.
***
Алдыңғы түйе итіншек,
Артқы түйе тартыншақ.
***
Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көш те айдынға құла.
***
Арғындар аса қонды,
шөмекей баса қонды.
***
Арқада аяз болмаса,
Арқарлар ауып несі бар.
***
Арқада жыл жақсы болса,
Арқар ауып несі бар.
***
Арқалағаны алтын болса да,
Түйенің тамағы тікен.
***
Артқан жүгің ауыр болса,
Атаның жауыр болады.
***
Ас ішерде керек,
Көлік көшерде керек.
***
Ат жақсысы керуеннен,
Зат жақсысы шеберден.
***
Ауған елге құрыған құдық кезігеді.
***
Ауған жүк алысқа бармайды.
***
Ауызбен ауыл көшірме,
Тіліңмен отын отама.
***
Аштан өлмей, көштен қалмай.
***
Аштан өлместей,
Көштен қалмастай.
***
Ашуланса, көшке берген тайлағын алсын.

maqal-matel.kz