А

Ағайын қорлығынан жат қорлығы,
Жат қорлығынан сарт қорлығы.
***
Адалдық ойласаң, бал жұтасың,
Арамдық ойласаң, қан жұтасың.
***
Адамды асырасаң,
Аузы-мұрның қан болар.
Айуан асырасаң,
Аузы-мұрның май болар.
***
Адамның жаманын бақсаң,
аузы-мұрныңды қан етер,
Малдың жаманын бақсаң,
аузы-мұрныңды май етер.
***
Айбалта тәнді жаралар,
Бейпіл сөз жанды жаралар.
***
Ақ жүзің де айнадай, перде болса,
Құл құтырар, төсегін төрге салса.
Жігітім кедей болса, сөз айта алмас,
Қылышынан қан тамған ер де болса.
***
Алған қатын ақылды, ізгі болса,
Ол, әрине, жан болар;
Ақымақ, жауыз болса,
Көр жұмысқа жар болар.
***
Ант ішкенге сенбесең,
Қан ішкенге жолығарсың.
***
Ар төгілгенше, қан төгілсін.
***
Арғымақтан ат туады,
Қандаладан қан жұғады.
***
Арсыздың беті – қансыз.
***
Арық малды асырасаң,
Аузы-мұрның май болар.
Жаман кісіні асырасаң,
Аузы-мұрның қан болар.
***
Арық малды асырасаң,
Аузы-мұрның май етер.
Жауыз адам асырасаң,
Аузы-мұрның қан етер.
***
Арық малды асырасаң,
Аузы-мұрның май қылады.
Арық адамды асырасаң,
Аузыңды ұрып, қан қылады.
***
Арық малды асырасаң,
Ауыз-мұрныңды май етер.
Арық кісіні асырасаң,
Ауыз-мұрныңды қан етер.
***
Арыстан асқынса, айға шабар,
Ақымақ асқынса, анасын сабар.
***
Асатпай жатып құлдық,
Бұл не деген сұмдық.
***
Асауды артынан шапқа түртсең,
Аузы-басыңды қан қылар.
***
Ат зорықса қан сиеді.
***
Атың жаман болса, басқа ұрма,
Досың жаман болса, қас қылма.
***
Аузың тола қан болса да,
Дұшпан алдында түкірме.
***
Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.
***
Аузың толған қан болса да,
Жау алдында түкірме.
***
Ашкөздің жақсыға көзі тұнар,
Қасқырдың етке көзі тұнар.
***
Ашумен зорлама,
Ақылмен қорла.

maqal-matel.kz