Ағайынға менменсу –
Ағат емей немене?!
Ақылдылар айтқан сөз –
Сағат емей немене?!
***
Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.
***
Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.
***
Адам тілінен жазады.
***
Адам тілінен ұсталады,
Ат тезегінен ұсталады.
***
Адам хатасыз болмас.
***
Адамның міні – мінсіздігі.
***
Адасқанды сөкпеңіз,
Қайтып үйірін тапқан соң.
Ұрлағанды кешіңіз,
Тоғыз алып жапқан соң.
***
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйін тапқан соң.
Ашылғанның айыбы жоқ,
Өзі біліп жапқан соң.
***
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.
***
Адасқанның алды өзіне жөн.
***
Адасқанның алдында еш нәрсе жоқ.
***
Адасқанның артындағысы білер,
Жаңылғанның жанындағысы білер.
***
Аз сөз – ишарат,
Көп сөз – кінәрат.
***
Айғақтың тазасы күмәнмен мойынға салады.
***
Айтқан екен жайған адам атағын,
Сабыр еткен түзер істің шатағын.
***
Ақылдыға билік тисе, мінді түзейді,
Ақылсызға билік тисе, елді бұзады.
***
Ақылсыз атасын танымайды,
Ақымақ қатесін танымайды.
***
Ақылы аздың азабы көп.
***
Ақымақтың жетпіс қателігін кешіруге болса да,
Ақылдының бір қателігін кешіруге болмайды.
***
Алаңғасар адамнан ақау шықпай қалмайды.
***
Алған бір жазықты,
Алдырған мың жазықты.
***
Алғаш өз айыбыңды біл,
Кейін басқаға күл.
***
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
***
Алып түссе, құп болады,
Алмай түссе, мерт болады.
***
Ананың тілін алмаған азапқа қалады.
***
Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
***
Аралас жүр, ішінде бол ізгінің,
Сонда ұстайсың кісіліктің тізгінін.
Сырттап жүрсең, сол әбестік болады,
Нұрлы жүзің өкінішпен солады.
***
Артық кетсе, түйсік түзер хал-жайды,
Ел бүлінсе, білім түзеп талдайды.
***
Артық қылам деп тыртық қылыпты.
***
Ат сүрінбей, жер танымас,
Ер сүрінбей, ел танымас.
***
Атадан мұра қын қалады,
Шеберден, сірә, мін қалады.
***
Атаңның айыбын айтудан қашпа.
***
Атты кісі жаяудың ақын жемейді,
Ақын жесе, оны жұрт «мақұл» демейді.
***
Ашу арты – ашыну,
Өкініш – басты қасыну.
***
Ашылғанның айыбы жоқ,
Өзі біліп жапқан соң.
***
Ашылғанның шамы жоқ,
Өзі қымтап жапқан соң.
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.
***
Аяқтың жаза басқаны үшін бастан сұрайды,
Баланың қатесі үшін әкеден сұрайды,
Жай халықтың қатесі үшін ханнан сұрайды.
maqal-matel.kz
