Адам – адамға қонақ,
Жан – денеге қонақ.
***
Адам адамға мейман,
Жан кеудеге мейман.
***
Адам болар бала қонаққа үйір,
Ат болар тай саяққа үйір.
***
Адам болатын бала,
Қонақтың шылбырына оралады.
***
Адам бір-бірне қонақ.
***
Ажал белгісіз, қонақ болжаусыз.
***
Ақымақ болса қонағы,
Иесін же деп зорлайды.
***
Албары қонақ аштан өледі.
***
Алдыңғы қонақты
Соңғы қонақ қуып шығады.
***
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.
***
Аңқау қонақ үй иесін сыйлайды.
***
Ат арықтаса, тулақ болар,
Ер арықтаса, қонақ болар.
***
Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.
***
Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір.
***
Атты мінсең, бесті мін,
Тасты аямай басады.
Қонақ болсаң, жасқа қон,
Етті аямай асады.
***
Атың жақсы болса – жалғанның пырағы,
Балаң жақсы болса – дүниенің шырағы,
Алғаның жақсы болса – мейманыңның тұрағы.
***
Атың жақсы болса, жолдың пырағы,
Балаң жақсы болса, көңіліңнің шырағы.
Атың жаман болса, арманың кетеді,
Балаң жаман болса, дарманың кетеді.
Қатының жаман болса, үйіңнен мейманың кетеді,
Үйге мейман келгенде бұға-бұға кетерсің.
***
Атың жаман болса, арманың кетеді,
алғаның жаман болса, мейманың кетеді.
***
Атың жаман болса, дәрменің кетеді.
Әйелің жаман болса, мейманың кетеді.
***
Атың жаман болса, арманың кетер.
Балаң жаман болса, дәрменің кетер.
Алғаның жаман болса, келгенің кетер.
***
Атың жаман болса, бойыңнан дәрменің кетер,
Перзентің жаман болса, кеуіліңде арманың кетер,
Әйелің жаман болса, үйіңнен мейманың кетер.
***
Атың шабан болса,
Дәрменің кетер.
Әйелің жаман болса,
Мейманың кетер.
***
Ауру қорғаншаққа қонады,
Елегенге түстенеді.
***
Ауру қорғаштанғанға қонады,
Елемегенге елестейді.
***
Ауыл үйдің қонағы,
Айында-жылында бір келер.
***
Ауылға барсаң қона бар,
қамысты көлде сона бар.
***
Ауылдан шыққан күні,
байға қонба, сайға қон,
бай пәле болады, сай пана болады.
***
Ауылдан шықсаң,
Көбең байға қонба, сайға қон.
***
Ауылдың қонағы айда-жылда бір қонар.
***
Аш жатқан қонақ аттанғанша дәмелі.
***
Ашыққан адам елге қонады,
Ашыққан бүркіт торға қонады.
maqal-matel.kz
