А

«Ағайын!» десе, аң қарадық,
«Қайын» десе, тез қарадық.
***
Ағайын, туыстың қызығы – алыс-беріс.
Құдалықтың қызығы – барыс-келіс.
***
Ағашты желім қосады,
ағайынды келін қосады.
***
Ай көрмесе, ағайын жат,
Жыл көрмесе, жегжат жат.
***
Ақылдыдан құрдасың болса,
Құдаңнан артық жоқтасар.
Ақымақтан құрдасың болса,
Кезіккен жерде боқтасар.
***
Алыс жерге құда болсаң,
Арту-арту ас келер.
Жақын жерге құда болсаң,
Арту-арту сөз келер.
***
Алыс жерге құда болсаң,
Түйе-түйе ас келер.
Жақын жерге құда болсаң,
Түйе-түйе сөз келер.
***
Аты-тоны сай кісі
Жиын тойға барысар,
Ұлы-қызы бар кісі
Құдалыққа барысар.
***
Ауылы алыс қыз алысар,
қыз алыспаса тұз алысар.

maqal-matel.kz