А

Адам – қарынның құлы.
***
Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат, қайтар содан есеңіз.
***
Ат жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.
***
Арғымақ аттың құйрығы
Әрі жібек, әрі қыл.
Қас мырзаның белгісі –
Әрі мырза, әрі құл.
***
Арғымақ аттың құйрығы
Әрі жібек, әрі қыл.
Ер жігіттің белгісі –
Әрі мырза, әрі құл.
***
Арғымақ аттың құйрығы
Әрі жібек, әрі қыл.
Асыл мінез азамат,
Әрі төре, әрі құл.
***
Арғымақтың құйрығы,
Әрі жібек, әрі қыл.
Ер азамат белгісі,
Түзде мырза, үйде құл.
***
Арғымақтың құйрығы,
Сатсаң жібек, кессең қыл.
Жақсы адамның белгісі,
Үйде мырза, түзде құл.

maqal-matel.kz