А

Адам болар ұлының
Арқа-басы кең келер.
Ана болар қызыңның
Ақыл-есі тең келер.
***
Азымтал болса, атың – жау,
Тіл алмаса, қатын – жау,
Ұрысқақ болса, ұлың – жау,
Керіскек болса, келін – жау,
Қылықсыз болса, қызың – жау.
***
Айналыш та болса жол жақсы,
Ақсақ та болса қыз жақсы.
***
Ақсақ қызға – таз күйеу.
***
Ақша болса, қыз табылар.
***
Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
***
Ақымақ қыз анасын билейді,
Анасына билік тимейді.
***
Алыс болса да жол жақсы,
Соқыр болса да қыз жақсы.
***
Алыс та болса, жол жақсы,
ақсақ та болса, қыз жақсы.
***
Алысты жақын қылған ат әулие,
Алашты жақын қылған қыз әулие.
***
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.
***
Аналы қыздың бақшасы басқа.
***
Ананың әдеті – қызы үшін үлгі.
***
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
***
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
***
Анасын көріп, қызын ал,
Аяғын көріп, қымызын іш.
***
Анасын көріп қызын ал,
қарысын көріп бөзін ал.
***
Анасына қарап, қызын ал.
***
Апайының кигенін сіңілісі де киеді,
Екеуінің тойы бір күнде болмайды.
***
Апалы-сіңлілі тату болса, үйді гүлстан етеді.
***
Апама жездем сай.
***
Апамды кім алса, жездем сол.
***
Апасы киген сәукелені,
Сіңлісі де киеді.
***
Апасы киген тонды, сіңілісі де киеді.
***
Арғынның аты жүйрік,
Қыпшақтың қызы сұлу.
***
Арғынның сөзі сұлу,
Найманның аты сұлу,
Қыпшақтың қызы сұлу.
***
Арқауын көріп бөзін ал,
Анасын көріп қызын ал.
***
Арпа берсең атқа бер,
Күтір-күтір шайнасын.
Қызды берсең жатқа бер,
Алыс-жақынды ойласын.
***
Арпа берсең, атқа бер,
Күтір-күтір шайнасын.
Қызды берсең, жасқа бер,
Құшақтасып ойнасын.
***
Арсыз болса – қыз қорлық,
Ақылсыз болса – ұл қорлық.
***
Ары жоқ жігіттен намысы бар қыз артық.
***
Арық атқа тұз берме,
Ақылсызға қыз берме.
***
Арыстандай атаны ұл қайырды,
Ақмаралдай шешені қыз қайырды.
***
Ac таңдасаң, аяғына қара,
Қыз таңдасаң, шешесіне қара.
***
Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.
***
Асыққан қыз байға жарымайды.
***
Асуды құм бөгейді,
Ашуды қыз бөгейді.
***
Ат сыры иесіне мәлім,
Қыз сыры төркініне мәлім.
***
Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
***
Ата даңқымен қыз өтеді,
Саудагер даңқымен бөз өтеді.
***
Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.
***
Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
***
Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.
***
Атаға тартып ұл тумас,
Анаға тартып қыз тумас.
***
Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
***
Атасыз ұл ақылға жарымас,
Анасыз қыз жасауға жарымас.
***
Атқа бергісіз құнан бар,
Қызға бергісіз жуан бар.
***
Атқа бермес құнан бар,
Қызға бермес жуан бар.
***
Аты-тоны сай кісі
Жиын тойға барысар,
Ұлы-қызы бар кісі
Құдалыққа барысар.
***
Аулыққан – асыққан қыз ерге жалшымас.
***
Ауру аспен болады дүр,
Дау қарындастан болады дүр.
***
Ауру астан,
Дау қарындастан.
***
Ауру астан,
Дау қарындастан,
Таз таныстан,
Қотыр қамыстан.
***
Ауылдан қыз кеткенде, қызық кетер.
***
Ауылы алыс қыз алысар,
қыз алыспаса тұз алысар.
***
Аш кісі май таңдамас,
Кәрі қыз бай таңдамас.
***
Ащылаған түйеге сортаң тұздай,
Қатыны жоқ жігітке кемпір қыздай.
***
Аяғын көр де, асын іш,
Анасын көр де, қызын ал.
***
Аяғын көріп, асын іш,
Шешесін көріп, қызын ал.

maqal-matel.kz