Ағадағы мал – аспандағы мал,
Інідегі мал – ін түбіндегі мал,
Баладағы мал – даладағы мал.
***
Ағадағы мал – даладағы мал,
Інідегі мал – індегі мал.
Даладағы малға талғанда жетерсің,
Індегі малға өлгенде жетерсің.
***
Ағайын астынан, ат тұрасынан ақсайды.
***
Ағайын – ащы,
Мал – тұщы.
***
Ағайын малы ауысса,
Ауылына айдап қой.
Айдауға қолың тимесе,
Ауылыңа байлап қой.
***
Ағайынға қарап мал өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.
***
Ағайынды жігіттің отарында малы бар,
Жалғыз-жарым жігіттің шығыр-шықпас жаны бар.
***
Ағаш еккенге, мал баққанға бітеді.
***
Адал дос жаныңды сақтайды,
Аяр дос малыңды жақтайды.
***
Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.
***
Адам аласы ішінде,
Хайуан аласы сыртында.
***
Адам баласы сөйлессе,
Мал кісінессе.
***
Адам бар дүр, адамдардың гүлі дүр,
Адам бар дүр, хайуан одан жақсы дүр.
***
Адам бастан қартаяды,
Қартайған соң мал таяды.
***
Адам болар бала қонаққа үйір,
Ат болар тай саяққа үйір.
***
Адам болар жігіттің етек-жеңі кең болар,
Қошқар болар қозының мұрын жағы дөң келер.
***
Адам жұтамай, мал жұтамайды.
***
Адам лебізден,
Мал бауыздаудан.
***
Адам мен малдың айырмасы ақылда.
***
Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
***
Адам тілінен байланар,
Мал басынан байланар.
***
Адам тілінен ұсталады,
Ат тезегінен ұсталады.
***
Адам ұйымшыл, мал үйіршіл.
***
Адамнан адам, айуаннан айуан туылады.
***
Адамның бала – жаны, мал – иманы.
***
Адамның досы да, дұшпаны да –
Қатын-бала мен мал.
***
Адамның жаманын бақсаң,
аузы-мұрныңды қан етер,
Малдың жаманын бақсаң,
аузы-мұрныңды май етер.
***
Адамсыған жігітті үйінде көр,
Атсынған айғырды үйірінде көр.
***
Ажарлы мал базарлы.
***
Аз байласаң, аз мінерсің,
Көп байласаң, көп мінерсің.
***
Азанда келген мал (байлық) кешке ізін табады.
***
Азын ашпай жарлы өлер,
көбін ашпай малды өлер.
***
Азын-аулақ малың болсын,
Орта ғана халың болсын,
Кіршіксіз арың болсын,
Жүк көтергіш нарың болсын,
Басың аман, денің сау болсын –
Бақыт деген сол.
***
Ай-айдың аты басқа,
Аяқты малдың өрісі басқа.
***
Айдай салдың малы өспейді.
Көре салдың қойы өспейді.
***
Айдап жүрген мал жақсы,
Мал жақсы емес-ау,
Арыз тыңдаған хан жақсы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Аман тұрған жан жақсы.
***
Айдап салдан аз өлер,
Көре салдан көп өлер.
***
Айдап салдың малы өспес,
Алакелдің жұмысы бітпес.
***
Айдапсалдың малы өспес,
Таз кісінің шашы өспес.
***
Айтар сөзін білмесе,
Адамдықтан не пайда?
Артқан жүгін тартпаса,
Атандықтан не пайда?
Ұрлық қылып, мал берсе,
Адалдықтан не пайда?
***
Айтулы достың малы бір.
***
Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.
***
Айтып қойған соңғылыққа жақсы,
Іреп қойған сойғылыққа жақсы.
***
Айыбы бар мал қашан да арзан.
***
Ақжалау барда «малым бар» деме,
Әзірейіл барда «жаным бар» деме.
***
Ақпанға алданған малынан айырылар,
Дұшпанға алданған жанынан айырылар.
***
Ақсағын қойып, сауын бақ.
***
Ақсақ малдың ақырына бақ.
***
Ақша сіздікі,
Мал біздікі.
***
Ақылды арын қорғайды,
Сараң малын қорғайды.
***
Ақылдыға – жан қымбат,
Ақылсызға – мал қымбат.
***
Ақылсыз бай ішпей-жемей мал жияды,
Ақылсыз кедей еңбек қылмай шалжияды.
***
Ақылы жоқ жаманға ауылы, малы бұралқы.
***
Ақымақтың мал табуға кемі жоқ,
Ақылдының мал табуға себі жоқ.
***
Ақын өлең айтпайды, жантайған соң,
Адам келмес үйіңе мал тайған соң.
***
Аларманның бетіне қарама,
Алар малдың бетіне қара.
***
Алшын жеген мал:
Не тойынады, не сойылады.
***
Алты ай баққан арықты,
бір түн ұрындырған өлтіреді.
***
Алты ай баққан арықты
Бір күн орындаған өлтірер.
***
Алушы мал таныса, сатушыға не тұрыс!
***
Анасын ембеген бала оңбайды,
Енесін ембеген мал оңбайды.
***
Ар сатып алған атақтан,
Тер сатып алған мал артық.
***
Арам малдың арты – азап.
***
Арамза туған мал өспес,
Араздық қылған ел өспес.
***
Арам шөпті мал жейді,
Арам асты ез жейді.
***
Арғымақ атқа жал бітпей, сән бітпейді.
Азамат ерге әл бітпей, мал бітпейді.
***
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз,
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.
***
Арғымақ жалсыз, ер малсыз.
***
Арғымақ жалсыз, ер малсыз,
Туысқан болмас кермалсыз.
***
Арғымақ көркем көрінер,
Өкпе, бауыр, жалымен,
Ер жігіт көркем көрінер,
Өріс толы малымен.
***
Арғымаққа жал бітпей, сән бітпейді,
Ер жігітке мал бітпей, әл бітпейді.
***
Арда сауғанның ары кетеді.
***
Арқаға барсаң, жылқышымын деме,
Жетісуға барсаң, қойшымын деме,
Үшқиянға барсаң, түйешімін деме.
***
Арқанды ат қазығына оралар.
***
Артық мал,
Ақы сұралмайды.
***
Арық атқа жал бітсе,
жанына торсық байлатпас,
жаман адамға мал бітсе,
қасына қоңсы қондырмас,
қондырса да оңдырмас.
***
Арық мал өлсе, союға кісі шықпас,
Жаман адам өлсе, қоюға кісі шықпас.
***
Арық малға суық өш,
Даулы кісіге әкім өш.
***
Арық малды асырасаң,
Аузы-мұрныңды май етер.
***
Арық малды асырасаң,
Аузы-мұрның май етер.
Жауыз адам асырасаң,
Аузы-мұрның қан етер.
***
Арық малды асырасаң,
Аузы-мұрның май қылады.
Арық адамды асырасаң,
Аузыңды ұрып, қан қылады.
***
Арық малды асырасаң,
Ауыз-мұрныңды май етер.
Арық кісіні асырасаң,
Ауыз-мұрныңды қан етер.
***
Арықты күтсең – тойынар,
Кәріні күтсең – сойылар.
***
Арыңды сатпа, малың сат.
***
Арыңды сатып мал жима,
Арам өлген артық одан да.
***
Арыстан – аң патшасы,
Жылқы – мал патшасы.
***
Ас бар, аспазшы жоқ,
Мал бар, бақташы жоқ.
***
Асауға – тұсау.
***
Асқабақпен семірген малың құрсын,
Жөмелекпен ұзарған шашың құрсын.
***
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәрінен де қой бағып,
Көтен майын жеген озар.
***
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәрінен де қой бағып,
Қою сүт ішкен озар.
***
Ат жалдыға, кеп малдыда.
***
Ат иесі айқайлайды,
Өгіз иесі өңмеңдейді.
***
Ат мінген қойшының аяғы ұзын,
Өгіз мінген қойшының таяғы ұзын.
***
Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.
***
Ат семірсе, иесін тебер.
***
Ата-анадан жар жақын,
Туысқаннан мал жақын.
***
Ата-анадан мал тәтті,
Алтын үйден жан тәтті.
***
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
***
Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әрі үйлі жанға ортақ.
***
Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әзірейіл жанға ортақ.
***
Атаның жаманы малға ортақ,
әзірейілдің жаманы жанға ортақ.
***
Атаның малын жау шапса, бірге шап.
***
Атаңнан мал қалғанша
Тал қалсын.
***
Атты қамшымен айдама,
Талмасын десең, жеммен айда.
***
Аузыңды қу шөппен сүрте берме,
Есектің к…н жу да, мал тап.
***
Ауру жаннан үміткер,
Жарлы малдан үміткер.
***
Ауру өлгенше жанынан дәмелі,
Бай өлгенше малынан дәмелі.
***
Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,
Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі.
***
Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,
Жарлы өле-өлгенше малдан дәмелі.
***
Ауру шықпаған жаннан дәмелі,
Жалқау бітпеген малдан дәмелі.
***
Ауылда лақ туылса,
Адырдың шөбі көгереді.
***
Ауырып жазылған жан олжа,
Жоғалып табылған мал олжа.
***
Аш қасқыр қораңа шапса,
Бірін жеп, онын жаралайды.
***
Аш мал өреген, аш ит үреген.
maqal-matel.kz
