Адал биде ата жоқ,
Тура биде туған жоқ,
Туғанына бұрған биде иман жоқ.
***
Адал бидің үйін дау араламайды,
Адал жанның елін жау араламайды.
***
Адам болатын жігіт,
алдыменен өз нәпсісін билейді,
сонан кейін ауылын билейді,
ауыл билеген аймағын билейді.
***
Адам болатын жігіт –
Әуелі өз намысын билейді.
Сонан соң ауылын билейді,
Сонан соң аймағын билейді.
***
Адам күш жұмсап бай бола алмайды,
Арыз айтып бек бола алмайды.
***
Адамды заман билейді.
***
Адамды замана билейді.
***
Адамды қабағынан,
Аспазды тамағынан таниды.
***
Аз ғана елге хакім болма,
Аз ғана асқа бөгеуіл болма.
***
Аз елге бақауыл болма,
Аз елге бек болма.
***
Аз кісінің теңдігі бар да, төресі жоқ,
Жалғыз аттың астауы бар да, дересі жоқ.
***
Аз қойда айран бар, өре жоқ,
Аз елде азар бар, төре жоқ.
***
Азған елге бастық болма,
Аз ғана асқа аспазшы болма.
***
Азған елге би болма,
Арыған атқа басаубіл болма.
***
Азғын заман кезіксе,
Ер басынан күн кетер.
Шайтан патша билесе,
Қауымы елді жын етер.
***
Айран ас болмас,
Надан бас болмас.
***
Ақпанның аязындай,
Ел билеген оязындай.
***
Ақсақ қой өршіл,
Жаман адам төршіл.
***
Ақшалы адам болыс болды,
Бидайықты жер қоныс болды.
***
Ақыл мидан, нақыл биден.
***
Ақылды басшың болса, адаспассың.
Ақылды басшың болса,
Елдің алды боларсың.
Ақылсыз басшың болса,
Елдің азы боларсың.
***
Ақылдыға билік тисе, мінді түзейді,
Ақылсызға билік тисе, елді бұзады.
***
Ақылдының белгісі:
Байыса аспайды,
Дәрежесіне таспайды.
***
Ақылсыз төре жоқ.
***
Ақылсыздың биі болғанша,
Ақылдының құлы бол.
***
Ақылы болса, аяулы болады,
Білігі болса, бектікке таласады.
***
Ақымақ атқа мінсе,
Өзін төре санайды.
***
Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.
***
Ақымақ қыз анасын билейді,
Анасына билік тимейді.
***
Ақымақтың достығы,
Шекпенің жыртылып, шенің алынғанша,
Немесе асың таусылып, атың арығанша.
***
Ақын болатын бала,
Атқа әуес,
Әкім болатын бала,
Таққа әуес.
***
Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, жұртқа жақ.
***
Алтын тонды шенің болғанша,
Алақандай жерің болсын.
***
Алыптармен алыспа,
Бектерменен айтыспа.
***
Арбасының дөңгелегін майламаса,
Арбакештің шайы қайнамайды.
***
Арғымақты байтал бастайды,
Аруақты шайтан бастайды.
***
Арзан би ғиллат болмайды,
Қымбат би хикмат болмайды.
***
Арқаға барсаң, жылқышымын деме,
Жетісуға барсаң, қойшымын деме,
Үшқиянға барсаң, түйешімін деме.
***
Артқан түйеңнен,
Сиынған иең күшті болсын.
***
Арық малға суық өш,
Даулы кісіге әкім өш.
***
Арыстан айға шабамын деп,
Артқы аяғы мерт болды.
***
Арыстан – аң патшасы,
Жылқы – мал патшасы.
***
Асқақтаған ұлық болмайды,
Жемісті ағаш биік болмайды.
***
Аспаздың қарыны
Асқанына тояды.
***
Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.
***
Асыра сілтеу болмасын,
аша тұяқ қалмасын.
***
Атадан бата алмай үй болмас,
Ордадан үлгі алмай би болмас.
***
Атадан жалғап болған би
Шариғатпен жұртын жер.
Кенеттен болған би
Сақалы менен мұртын жер.
***
Атақ азаматтікі,
Билік әділдікі.
***
Аталы құл – қожалы құл.
***
Аталы ұл – қожалы ұл.
***
Атасы жуастан би шықпас,
Сүрегі арықтан семіз шықпас.
***
Атасыздан би қойсаң, дәметпестен дәметер.
***
Ататекке қарамай,
Ақшаға қазақ сатылар.
Тексізден қойған биіңіз
Жұртқа тырнақ батырар.
***
Аттан түссең де,
Тұғырыңнан түспе.
***
Ашулы бектен аулақ жүр.
Ә
Әлем билеу үшін зерде тірек қой,
Ел билеуге керек ақыл, жүрек, ой.
maqal-matel.kz
