А

Адамда болса достық махаббаты,
Олардың болмас бір-біріне жаттығы.
***
Ажалдан қорықпайтын нәрсе – махаббат.
***
Ажырасар болған соң,
Құшып-сүйгеннен не пайда?
***
Азапсыз махаббат –
Арзан махаббат.
***
Ақ сұңқар атқа ғашық,
Күйкентай жемге ғашық.
***
Ақыл махаббат тұзағына тап келсе,
Қашарға жол іздейді.
***
Ақыл – сөзде,
Мейір – көзде.
***
Алмас қанат қанша ұшса да, майырылмас,
Адал махаббат қанша кессе де, айырылмас.
***
Ананың махаббаты ажалды да жеңеді.
***
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
***
Аңсағанға сусаған.
***
Асы жоқ үйді ит те сүймейді.

maqal-matel.kz