Аға өлсе, іні мұра,
Ат өлсе, сауыр мұра.
***
Айғыр өлсе, сәурік мұра,
Аға өлсе, қайны мұра.
***
Ата өнері — балаға мұра.
***
Атадан мұра қын қалады,
Шеберден, сірә, мін қалады.
***
Атаның аты мен орны балаға қалады.
***
Атаның орнын ұл басар.
***
Атаңнан қалса теберік,
Сақта оны тым берік.
***
Ауру адамның айтқан өсиеті
Жақсылық жайында болады.
***
Аурудың өсиеті – ізгі.
***
Ашылмаған ұра жоқ,
Атадан қалған мұра жоқ.
maqal-matel.kz
