Адамға тілене беру – ұят:
Тапқан наны көбейгенімен,
Абыройы азады.
***
Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.
***
Адамнан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен – ас жоқ.
***
Азығың, наның көп болса,
Ағаштың түбі бейістей.
Бір тістем наның жоқ болса,
Шаттықтың өзі кейістей.
***
Ақ қар көп болса – ақ нан көп.
***
Ақ ұнның наны ақ түйенің шабына піседі.
***
Ақымақ жылынса, тон киместей,
Тойса, нан жеместей.
***
Алғыс түбі – ақ май,
Қарғыс түбі – қара қан.
***
Арғымаққа мінген байлардың,
Тайға мұқтаж күні бар.
Май шайнаған билердің,
Нанға мұқтаж күні бар.
Елден безген залымның,
Елге мұқтаж күні бар.
***
Ас атасы – нан,
Нан атасы – дән.
***
Ас атасын – нан дейді,
Сөз атасын – «шал» дейді.
***
Аузың тола тісің барда,
Қатқан екен нан деме.
***
Аш адамның қойнында нан тұрмас.
***
Аш кезінде берген күлше
Тоқ кезінде берген түйеден артық.
***
Ашығып жесең, нан да шекердей көрінеді.
***
Ашыққанның екі көзі нанда,
Тойынғанша қарамайды тамға.
***
Ащы еңбектен тәтті нан.
maqal-matel.kz
