Адам болатын жігіт,
алдыменен өз нәпсісін билейді,
сонан кейін ауылын билейді,
ауыл билеген аймағын билейді.
***
Ақыл алты басты,
Нәпсі жеті басты.
***
Ақылды адам нәпсісін тыя біледі.
***
Алтын көріп азба,
Күміс көріп қозба.
***
Алтынды көріп азба,
Біреуге көр қазба.
***
Арлы әйелден арсыз дәметеді.
***
Аталыдан би болса,
Аузы кетпес турадан.
Бас қосылған әр істе
Сөзі кетпес жорадан.
Атасыздан би болса,
Аузы кетпес парадан.
Қайда болса шіркіннің
Арты кетпес жаладан.
***
Аузы майланғанның тілі байланады.
***
Ауру өлгенше жанынан дәмелі,
Бай өлгенше малынан дәмелі.
***
Ашу – ақылдының дұшпаны,
Нәпсі – иманның дұшпаны.
***
Ашық әйелден ақымақ жігіт дәметеді.
***
Ашыққаннан, құныққан жаман.
maqal-matel.kz
