Абыройды ақ отау жапты.
***
Ағайынның алтын сарайынан,
ананың жыртық лашығы артық.
***
Ағаңның үйі – ақ жайлау.
***
Ағаш аралаған – үйші,
Ел аралаған – сыншы.
***
Адал бидің үйін дау араламайды,
Адал жанның елін жау араламайды.
***
Адалдық жанған өртін сөндірер,
Арамдық жауды үйіңе төндірер.
***
Адамсыған жігітті үйінде көр,
Атсынған айғырды үйірінде көр.
***
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйін тапқан соң.
Ашылғанның айыбы жоқ,
Өзі біліп жапқан соң.
***
Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді.
***
Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.
***
Азынаған айғырдың үйірін көр,
«А» деген жігіттің үйін көр.
***
Азынаған айғырдың үйірін көр,
Менменсіген жігіттің үйін көр.
***
Айға шапқан арыстан, ашуына болайын,
жауға шапқан батырдың, тасуына болайын,
үйде қалған қорқақтың, сасуына болайын.
***
Айт та, сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.
***
Айтсаң, сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.
***
Айхай менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім.
***
Айхай өз үйім, кең сарайдай боз үйім.
***
Ақ қоян алдырмайды өрде болса,
Ақсақал бас мүжиді төрде болса.
***
Ақ үйге бермейтін қос бар,
Туысқа бермейтін дос бар.
***
Ақ үйдің айбары бар,
Қара үйдің қарын-қарын майлары бар.
***
Ақ үйдің жаппа болуы да сәт,
Жаппаның ақ үй болуы да сәт.
***
Ақылды үйленгенше,
Ақымақтың баласы ержетеді.
***
Ақылсызға төре жоқ.
***
Ақымақ басқа үйге тойға барса,
Үйімнен мұнда жақсы екен дейді.
***
Алғаның жақсы болса,
Ат үстінен дүбір ет.
Алғаның жаман болса,
Үйге кіріп сыбыр ет.
***
Алтын бесікке ашқан есік –
Елдің ері емес пе.
***
Алтын-күміс жиғандар үй салады.
***
Алшаңдаған жігітті үйінде көр.
***
Алшаңдап басар ат аз ба,
Аяңы жорғаға бергісіз.
Көкірегі сара қарт аз ба,
Білімі молдаға бергісіз.
Құт-берекелі үй аз ба,
Хан ордасына бергісіз.
Алыстағы досыңа
Ат берсең де жарасар,
Үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
Хат берсең де жарасар
Ұмытса есіне салсын деп.
***
Ана көркі –
Алдындағы баласы.
Қала көркі –
Үйі, орман, ағашы.
***
Аң жаманы інінде,
Ер жаманы үйінде болады.
***
Аңқау қонақ үй иесін сыйлайды.
***
Апалы-сіңлілі тату болса, үйді гүлстан етеді.
***
Арақ намыс пен арыңды құртар,
Үйіңдегі барыңды құртар.
***
Арамдық кірген үйден тыныштық қашады.
***
Арғымақтың құйрығы,
Әрі жібек, әрі қыл.
Ер азамат белгісі,
Түзде мырза, үйде құл.
***
Арғымақтың құйрығы,
Сатсаң жібек, кессең қыл.
Жақсы адамның белгісі,
Үйде мырза, түзде құл.
***
Арқыраған айғырды үйірде көр,
Аңқылдаған жігітті үйінде көр
***
Арқыраған айғырды үйірінде көр,
Адамсыған жігітті өз үйінде көр.
***
Арқыраған айғырдың үйірін көр,
Менменсінген жігіттің үйін көр.
***
Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау.
***
Арық атқа қамшы ойнар,
Жыртық үйге тамшы ойнар.
***
Арық атқа қамшы үйір,
Жыртық үйге тамшы үйір.
***
Аруаққа Құран оқи берсең,
Түсіңнен шықпайды,
Қайыршыға садақа бере берсең,
Үйіңнен шықпайды.
***
Аруақты есіркесең,
Түсіңнен шықпайды.
Мүсәпірді есіркесең,
Үйіңнен шықпайды.
***
Асқабақ жеген үйге сүйкеніп өт.
***
Асы жоқ үйді ит те сүймейді.
***
Ат басына күн туса,
Көгендегі қой болар.
Ер басына күн туса,
Бота төбе үй болар.
***
Ата-анадан мал тәтті,
Алтынды үйден жан тәтті.
***
Ата-анаң отырған үйдің төбесіне шықпа.
***
Ата үйі – алтын бесік,
Кірсем-шықсам сипалар.
***
Атадан бата алмай үй болмас,
Ордадан үлгі алмай би болмас.
***
Атадан жақсы туған ұл
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман туған ұл
Атаның төрдегі басын есікке апарар.
***
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
***
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын есікке апарар.
***
Атадан жақсы ұл туса,
Төрдегі басы есікке бармайды.
Жаман ұл туса,
Басы есіктен қалмайды.
***
Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әрі үйлі жанға ортақ.
***
Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.
***
Атсыз үй болса да,
Ассыз үй болмайды.
***
Атын ұрлатқан сарайын бекітер.
***
Атың жақсы болса, жолдың пырағы,
Балаң жақсы болса, көңіліңнің шырағы.
Атың жаман болса, арманың кетеді,
Балаң жаман болса, дарманың кетеді.
Қатының жаман болса, үйіңнен мейманың кетеді,
Үйге мейман келгенде бұға-бұға кетерсің.
***
Атың жаман болса, бойыңнан дәрменің кетер,
Перзентің жаман болса, кеуіліңде арманың кетер,
Әйелің жаман болса, үйіңнен мейманың кетер.
***
Аузы асқа тиіп,
Ауы атқа тиіп,
Есіктегі басы төрге жетті.
***
Аузы жаман елді бүлдірер,
Аяғы жаман төрді бүлдірер.
***
Аузы жаман елді былғайды,
Аяғы жаман төрді былғайды.
***
Ауру – көрде,
Сау – төрде.
***
Ауру кірген үйге әлек кіргені.
***
Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса, төр көрінеді.
***
Ауылыңдағыны атадан сұра,
Үйдегіні баладан сұра.
***
Аш үйде айран ұйымас.
***
Аштық еңбеккердің терезесіне үңілгенмен,
Үйіне бас ұға алмайды.
***
Ашыққанның екі көзі нанда,
Тойынғанша қарамайды тамға.
***
Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
maqal-matel.kz
