Адал кәсіп аз емес,
Ықтият бол арамнан.
***
Адамға ақыл көптік қылмайды,
Азаматқа өнер көптік қылмайды.
***
Ай жүзді әйелден
Әдемі ән әлдеқайда артық.
***
Айта-айта алтынды,
Әнші апай да қартайды.
***
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
***
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
***
Ақылды ер адамнан айып іздемейді,
Өнер іздейді.
***
Ақылың болса, жыр тыңда.
***
Алғаш мерген болғанда,
Қасқыр аттым деймісің.
***
Аңның жайын мергеннен сұра,
Адамның жайын көргеннен сұра.
***
Артық өнер бас жояды.
***
Астыңда дөненің болғанша,
Қолыңда өнерің болсын.
***
Асыл таста, өнер жаста.
***
Асыл тастан шығар,
Өнер жастан шығар.
***
Асықпа, тойға барарсың,
Өлеңші болсаң, жеңерсің,
Палуан болсаң, жығарсың.
***
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоянқолтық алыспай.
***
Ата өнері – балаға мұра.
***
Атқан мерген емес, тигізген мерген.
***
Аяғың сауда, билеп қал,
Аузың сауда, сөйлеп қал.
maqal-matel.kz
