Абыройды ақ отау жапты.
***
Абысын ағарып алдыма шықпасын,
Қарайып артымда қалмасын.
***
Абысын ағарып алдымда жүрмесін,
Қарайып артымда қалмасын.
***
Абысын ағарып алдымнан шықпасын,
Қарайып артымда қалсын.
***
Ағаңның үйі – ақ жайлау.
***
Ағаш бір жерде көгереді.
***
Ағын су бал татыр,
Ақ шабағы май татыр.
***
Адалдың арқаны үзілмейді,
Қара су сүзілмейді.
***
Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.
***
Адам аласы ішінде,
Хайуан аласы сыртында.
***
Адамды тұрар адам қып
Ақ жүрек, кең адалдық.
***
Адамды түсіне қарап таныма,
Істеген ісіне қарап таны.
***
Айғырды аладан салсаң,
Атты аладан мінесің.
***
Айғырды аладан салсаң,
Атты аладан мінесің.
Айғырды құладан салсаң,
Атты құладан мінесің.
***
Айғыр-үйірлі жылқыдан
Сарытабан ат артық.
***
Айқайдан шыққан ақ бөкен,
Қашып қайда құтылар, –
Құрулы қақпан жатқан соң?
Жылқыдан шыққан қашаған,
Қашып қайда құтылар, –
Мойнына бұғау атқан соң?
***
Айхай менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім.
***
Айхай өз үйім, кең сарайдай боз үйім.
***
Ақ айналар, қара байланар.
***
Ақ айраның болмаса,
Тілге ақ бозың болсын.
***
Ақ аста қалмас.
***
Ақ бидайдың қадірін
Ашыққанда білерсің.
Ағарғанның қадірін
Қыс шыққанда білерсің
***
Ақ болсаң, ант ішпе,
Айрандай жұғады бойыңа.
***
Ақ болсаң, қараға жуыма,
Аққа қара тез жұғады.
***
Ақ бөкенді жатыр деме,
Көшпенді елді отыр деме.
***
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен.
***
Ақ деген қуда
Бір шағым қу бар.
***
Ақ дегені – алғыс,
Қара дегені – қарғыс.
***
Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз,
ақылды бастың өзі болмасақ та құлағымыз.
***
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
***
Ақ жүрген адам азбас.
***
Ақ иіліп сынбайды.
***
Ақ ит, қара ит – бәрі бір ит.
***
Ақ киім – кірлегіш,
Ақ көңіл – кешіргіш.
***
Ақ көңілдің аты азбайды,
Халал жүріп хақ сөйлегеннің тоны тозбайды.
***
Ақ көт, қара көт суға түскенде мәлім болар.
***
Ақ кіреуке сауыттың
Жағасы болады, жеңі болмайды.
***
Ақ қалпақты көрінсе,
Ата екем менің демейім бе.
Ақ жаулықты көрінсе,
Енекем менің демейім бе.
***
Ақ қар көп болса – ақ нан көп.
***
Ақ қойымның асығы болсаң, ақ сөйле.
***
Ақ қошқар бүгін сойылар,
Алдыңа басы қойылар,
Ашыққан қарын тойынар.
***
Ақ қоян алдырмайды өрде болса,
Ақсақал бас мүжиді төрде болса.
***
Ақ құстың баласы жалғыз жүріп оттамас.
***
Ақ пен қара жарысар,
Аққа Құдай болысар.
***
Ақ пен қара жарысар,
Аққа әділдік болысар.
***
Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
***
Ақ сәлделі қожадан,
ақ жаулықты әйел артық.
***
Ақ сұңқардың баласы,
Алдына қоймай жем жемес.
***
Ақ та болсаң, ант ішпе,
Айрандай жұғар.
***
Ақ теріні қара теріге айырбастап.
***
Ақ түйенің қарны ақтарылып.
***
Ақ үйдің айбары бар,
Қара үйдің қарын-қарын майлары бар.
***
Ақ үйдің жаппа болуы да сәт,
Жаппаның ақ үй болуы да сәт.
***
Ақ шағала көрінді –
Алыс емес су жақын.
***
Ақ шашты ана:
«Жастығым – балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім – анам» дейді.
***
Ақбозат пен Көкбозатты Жетіқарақшы
ұстаған күні ақырзаман болады.
***
Аққа зауал жүрмейді.
***
Аққа зауал жоқ,
Ақ иіліп сынбайды.
***
Аққа қара жоқ,
Қараға шара жоқ.
***
Аққа Құдай жақ.
***
Ақсары деген құс болады,
Баласы алғыр бес болады,
Қу ілері бір болады,
Қу ілмейтін жаманы
Құладын құсқа жем болады.
***
Ақта қара жоқ,
Қараға шара жоқ.
***
Ақты қаралаған өзін жаралайды.
***
Ақтың еті ыстық,
Қараның оты ыстық.
***
Ақтың отын ақымақ та сөндірмейді.
***
Ақша қарда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар.
Алыс жерде көп жүрсең,
Көңілің бір күн тарығар.
***
Ақымақтың ала-құласы болмайды.
***
Ақырын-ақырын мінсе, болар торы атқа,
Ақырындап барып жетсе, болар мұратқа.
***
Ала айғырдан ала аяқ тумаса да, тұтас аяқ туады.
***
Ала айғырдан ала аяқ тумаса да, ала тұяқ туады.
***
Ала арқан кеспей арылмас.
***
Ала ат мінгеннің көзі тыныш,
Шұбар қатын алғанның көңілі тыныш.
***
Ала жылқы жоғалмайды.
***
Ала жылқы жоғалмас.
***
Ала жібін алмасам,
даудың менде не ісі бар,
ел ішінде қонбасам,
жаудың менде не ісі бар.
***
Ала қарға – азаншы,
Қара қарға – қазаншы.
***
Ала қарғада алажағың болсын.
***
Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды.
***
Ала тауық сабан шашар,
Өз сырын өзі ашар.
***
Алғаның жаман жолықса,
Тез ағартар шашыңды.
***
Алғыс алған ағарады,
Қарғыс алған қараяды.
***
Алғыс түбі – ақ май,
Қарғыс түбі – қара қан.
***
Алқызыл гүл жердің сәулеті,
асыл жар ердің сәулеті.
***
Алалы жылқы, ақтылы қой.
***
Алалы жылқы, ақтылы қой,
Аңдыған бөрі жемей ме.
***
Алма алмадан реңдік алады.
***
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
***
Алпысқа келгенше адамның алты түрлі реңі,
Айнымайды жылқының торы менен күреңі.
***
Алыстан қара көрінсе,
Жүйірік озар созылып.
Қаба-қаба қар жауса,
Атан тартар бүгіліп.
***
Алыстан қара көрінсе, қаша бер,
Қаша берсең, амансың.
Некеп-некеп қоймаса,
Қайрылмасаң, жамансың.
***
Ана алақанының аясы –
Ақ шынардың саясы.
***
Анаға баланың алалығы жоқ.
***
Ананың алды – ақ жайлау.
***
Ананың төсегі ақ мамық.
***
Арғымақтан жал кетсе,
Қарға адым жер мұң болар.
Қара көзден нұр тайса,
Жарық күнің түн болар.
***
Арпа, бидай ас болады,
Сары қауын қақ болады.
Сарымайға жаншыған
Сөктің дәмі көп болады.
***
Ары өткенде ақ атты,
Бері өткенде қара атты.
***
Арыстанды тырнағынан танимын,
Көк есекті құлағынан танимын.
***
Аспанда бар сан жұлдыз,
Сорлатады сары жұлдыз.
***
Асығыстық пен ашудан ақыл күңгірт тартар.
***
Ат жақсысы боз болар,
Ер жақсысы таз болар.
***
Ата-ананың сөзі –
Айдын жолдың өзі.
Ақылдының сөзі –
Ақ дарияның өзі.
***
Аталы сөзге арсыз жауап қайырар,
Ақ пен қараны шындық айырар.
***
Аттан аттың несі кем,
Өзі тарлан көк болса.
***
Атың тайғақ болса,
Ақ текенің мүйізімен тағала.
Заманың тайғақ болса,
Бір жақсыны сағала.
***
Аурудың сары уайымға берілгені –
Өлімнің қыр басынан көрінгені.
***
Ауызынан ақ ит кіріп,
Қара ит шығады.
***
Ауылда лақ туылса,
Адырдың шөбі көгереді.
***
Ашамай нарға жарасар,
Ақ түйе барға жарасар.
***
Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес,
Қара қайыстан соққан шүйенің дағы кетпес.
***
Аю баласын «аппағым» дер,
Кірпікшешен баласын «жұмсағым» дер.
***
Аю баласын жұмсағым дер,
Қарға баласын аппағым дер.
maqal-matel.kz
