Ағаш көркі – жапырақ,
Адам көркі – шүберек.
***
Адал мінез адамдар,
Арттағыларға жол салып
Із тастап өтеді.
Арам мінез адамдар
Арттағыларға тікен төгіп,
Біз тастап өтеді.
***
Адам елінде
Қоға көлінде көгерер.
***
Адамды сөз бұзады,
Қаңбақты жел бұзады.
***
Адамның көңілі де көк сияқты қаулайды, семеді.
***
Айыр пішен қасында,
Кісені кереге басында.
***
Аққу көкке, көбелек шөпке.
***
Ақсақ қойдың аузына
Жел айдаған қаңбақ түсер.
***
Ақсақ түйенің аузына
Жел айдаған қаңбақ түсер.
***
Ақшалы адам болыс болды,
Бидайықты жер қоныс болды.
***
Ақыл жасқа бітер,
Қына тасқа бітер.
***
Ақыл – жастан,
Қына – тастан.
***
Ақыл көптен шығады,
Дәрі-дәрмек шөптен шығады.
***
Ақылды үшін дүние толған тікенек,
Бассаң, кірер аяғыңа, байқа тек!
***
Ала тауық сабан шашар,
Өз сырын өзі ашар.
***
Алаботаға ат байлама.
***
Алаботаға ат бекітпе.
***
Алшын жеген мал:
Не тойынады, не сойылады.
***
Алтын күркелі күйеу,
Шөп күркелі қайыннан дәметеді.
***
Андыз болса, ат өлмес.
***
Андыз болса, ат өлмес,
Айыр болса, ер өлмес.
***
Андызды жерде ат өлмейді,
Иірлі жерде ер өлмейді.
***
Аңызды жерде ат өлмейді.
***
Аңызды жерде ат өлмейді,
Үйірлі жерде ер өлмейді.
***
Арам шөп егінді аздырады,
Еріншектік ерді аздырады.
***
Арам шөпті мал жейді,
Арам асты ез жейді.
***
Арғымақ атта сын болмас,
Қиған қамыс құлақсыз.
Азаматта сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
***
Арқалағаны алтын болса да,
Түйенің тамағы тікен.
***
Асқар тауға жарасар, басындағы обасы,
айдын көлге жарасар, сылдырлаған қоғасы,
ер жігітке жарасар, қолындағы найзасы.
***
Ат жемейтін ащы шөптің біткенінен бітпегені игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың
Туғанынан тумағаны игі,
Жалған сөздің болғанынан болмағаны игі.
***
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
***
Аузы берен жігіттің бір ажалы көптен,
Штаны жоқ әйелдің бір ажалы шөптен.
***
Аузыңды қу шөппен сүрте берме,
Есектің к…н жу да, мал тап.
***
Ауру астан,
Дау қарындастан,
Таз таныстан,
Қотыр қамыстан.
***
Ауылға барсаң қона бар,
қамысты көлде сона бар.
***
Ауылда лақ туылса,
Адырдың шөбі көгереді.
***
Аяншақ көзге шөп түседі.
maqal-matel.kz
