А

Адалдықпенен залал тап,
Пайдасын ақыры көрерсің.
Арамдықпен пайда тап,
Залалын ақыры көрерсің.
***
Ақша жүрген жерде әділдікке де,
Адалдыққа да орын жоқ.
***
Ақшалы адам болыс болды,
Бидайықты жер қоныс болды.
***
Ала білсең, бере біл.
***
Алаған қолым береген.
***
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.
***
Алыс-беріс қолынан,
Шығарып қояр жолынан.
***
Арам жесең, тойғанша же,
Ұрлық қылсаң, өлгенше қыл.
***
Аталыдан би болса,
Аузы кетпес турадан.
Бас қосылған әр істе
Сөзі кетпес жорадан.
Атасыздан би болса,
Аузы кетпес парадан.
Қайда болса шіркіннің
Арты кетпес жаладан.
***
Ауыз жесе, көз ұялар.

maqal-matel.kz