А

Адасқан қаздай, руым аздай.
***
Адассаң, руыңмен адас.
***
Ажал төрелеп келсе, кәріге,
Төтелеп келсе, жасқа келеді.
***
Ақтабан ат талмайды,
Қарасай ұран қалмайды.
***
Алты ауызды қазақ.
***
Арғын – адыр, қыпшақ – қыдыр.
***
Арғын – адыр, қыпшақ – шадыр.
***
Арғын аса қонды,
Шөмекей баса қонды.
***
Арғындар аса қонды,
шөмекей баса қонды.
***
Арғынның аты жүйрік,
Қыпшақтың қызы сұлу.
***
Арғынның ең жаманы,
Жата қалып ат үркітеді.
***
Арғынның сөзі сұлу,
Найманның аты сұлу,
Қыпшақтың қызы сұлу.
***
Арқадағы ноғайды
Қой бақтырған Құдай-ды.
***
Атадан жалғыз болсаң да,
Рудан жалғыз болма.
***
Аш қазаны болмас,
Әлім қазаны аш болмас.

maqal-matel.kz