Адал адам аңқау келеді,
Сорлы жігіт жалқау келеді.
***
Адам бақытқа тоймайды.
***
Адам бақытты өз елі мен жерінен табады.
***
Адамға бір жұмыс – бақ,
Бір жұмыс – дақ.
***
Адамның соры – көрінбейтін көлеңке.
***
Азын-аулақ малың болсын,
Орта ғана халың болсын,
Кіршіксіз арың болсын,
Жүк көтергіш нарың болсын,
Басың аман, денің сау болсын –
Бақыт деген сол.
***
Ақылдыға бақ қонса,
Көбейтеді достарын.
Ақымаққа бақ қонса,
Күйретеді достарын.
***
Ақылсызға қонған бақ
Түбі тесік қанар қап.
***
Алтынды дат баспайды,
Ақылдыдан бақ қашпайды.
***
Анда барсам, мұнда қаш,
Мұнда келсем, анда қаш.
***
Ант бұзған оңбайды,
Салт бұзған сорлайды.
***
Арғымақ ат жабы болмайды,
Жалы кетіп арыса да.
Назары аштың көзі болмайды,
Бақ пен Қыдыр дарыса да.
***
Арғымақ ат жабы болмайды,
Жалы кетіп арыса да.
Назары аштың көзі тоймайды,
Бақ пен Қыдыр дарыса да.
***
Арғымақ жабы болмайды,
Жалы кетіп арыса да.
Назары аштың көзі тоймайды,
Бақ пен Қыдыр дарыса да.
***
Арғымақты армандағанша,
Байталыңа бақ тіле.
***
Арна бұзылса – аралдың соры.
***
Асқан сұлулықтан
Аз ғана бақыт артық.
***
Аспанда бар сан жұлдыз,
Сорлатады сары жұлдыз.
***
Аспаннан шұға жауса да,
Сорлыға ұлтарақ тимес.
***
Ат бақты болса,
Артынан құнан туады.
Аға бақты болса,
Артынан ұлан туады.
***
Ат пысқырса – жолға,
Байтал пысқырса – сорға.
***
Ат шаппайды, бақ шабады.
Бақ шаппайды, бап шабады.
***
Ат ұстаған азабынан құтылар,
ер ұстаған еңбегінен құтылар.
***
Атың жақсы болса, бір бақыт,
Алғаның жақсы болса, мың бақыт.
maqal-matel.kz
