А

Абайламай сөйлеген ауырмай өледі.
***
Абайлап сөйле сөзіңді,
Қабырғаның да құлағы бар.
***
Ағайынға менменсу –
Ағат емей немене?!
Ақылдылар айтқан сөз –
Сағат емей немене?!
***
Адал сөз – әшекей емес, ақиқат.
***
Адал сөзбен айтысады,
Өсек сөзбен сыбырласады.
***
Адам аласынан сөз аласы жаман.
***
Адам аласынан сөз аласы жаман,
От шаласынан сөз шаласы жаман.
***
Адам болатын баланы сөзінен біл,
Ат болатын құлынды көзінен біл.
***
Адам болатын баланың сөзіне қара,
Ат болатын құлынның көзіне қара.
***
Адам бір сөйлескенде – жылан,
Екі сөйлескенде – құлан,
Үшінші сөйлескенде – адам.
***
Адам деген ардақты сөз.
***
Адам жақсысын лебізінен танисың,
Ат жақсысын семізінен танисың.
***
Адам сөзбен татиды,
Тамақ тұзбен татиды.
***
Адам сөзге, ат жемге тоқтар.
***
Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.
***
Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
***
Адам сөйлесіп танысады,
Аю иіскесіп танысады.
***
Адам уағдада тұрса, сөз қадірін білгені,
Уағдада тұрмаса, ол адамның өлгені.
***
Адамды екі нәрсе қартайтпайды:
Бірі – жақсы мінез, бірі – жақсы сөз.
***
Адамды сөз бұзады,
Қаңбақты жел бұзады.
***
Адамзат бөз бермейді, сөз береді.
***
Адамзатты сөз бұзады,
Тау мен тасты жел бұзады.
***
Адамның бір жақсысы көзінен,
Бір жаманы сөзінен білінеді.
***
Адамның жүзіне бақпа, сөзіне бақ.
***
Адамның жүзіне қарама, сөзіне қара.
***
Адамның көркі – ақыл,
Сөздің көркі – мақал.
***
Адамның мәні сөзінен,
Астың дәмі тұзынан.
***
Адамның өзі жетпеген жерге
Сөзі жетеді.
***
Адамның өзі өледі, сөзі қалады.
***
Адамның сөзі адам өлтірер.
***
Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.
***
Ажалдан қашып құтылмайды,
Жаманның сөзі тұтылмайды.
Жақсыдан алған ғибрат
Өле-өлгенше ұмытылмайды.
***
Ажалсыз жан шықпайды,
Құр сөзден май шықпайды.
***
Аз сөйлеген – ақылды.
***
Аз сөйлеген — даналық,
Көп сөйлеген – надандық.
***
Аз сөз – алтын,
Көп сөз – көбік.
***
Аз сөз – алтын,
Көп сөз – көмір.
***
Аз сөз – алтын,
Көп сөз – күміс.
***
Аз сөз – ишарат,
Көп сөз – кінәрат.
***
Аз сөйле, көп тыңда.
***
Аз сөйлеген – даналық,
Көп сөйлеген – надандық.
***
Аз сөйлеп, көп ойла.
***
Азаматтың ақысын,
Азамат қайырар,
Жаман сөз жалпақ
Жұртқа жайылар.
***
Азаматтың сөзі – болаттың өзі.
***
Айбалта тәнді жаралар,
Бейпіл сөз жанды жаралар.
***
Айлалыға амал жоқ,
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
***
Айт сөзді ұққанға,
Айтып-айтпа құлағына мақта тыққанға.
***
Айт та, сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.
***
Айта берме сөз біткеннің бәрін де,
Ойлап сөйле, таңдап дәмін, нәрін де.
***
Айта берсең сөздерді,
балшық басар көздерді.
***
Айта білмесең,
Мақалдың мәні болмайды.
Жасай білмесең,
Астың дәмі болмайды.
***
Айтар ақылы жоқтың,
Табар ақылы жоқ.
***
Айтар сөзге тұшынғаның –
Ноқтаға басты ұсынғаның.
***
Айтар сөзді айт,
Айтпас сөзден қайт.
***
Айтар сөзді алдымен ойлап ал.
***
Айтарың болмаса, ауыз ашпаған айып емес.
***
Айтатын сөзіңді айтып қал,
Айтпайтын болсаң, қайтып ал.
***
Айтқан екен жайған адам атағын,
Сабыр еткен түзер істің шатағын.
***
Айтқан жерде пәле жоқ.
***
Айтқан сөз – атқан оқ.
***
Айтқан сөз, атқан оқ – қайтпайды.
***
Айтқан сөз атылған оқпен тең.
***
Айтар сөзін білмесе
Адамдықтан не пайда.
Артқан жүгін тартпаса
Атандықтан не пайда.
***
Айтқаны өтіп, айтқаны жетіп.
***
Айтқаныңды қайталама,
Алуаны да бір-ақ рет жейді.
***
Айтқызған жаманның ісі,
Қамшылатқан шабанның ісі.
***
Айтқыштың сөзі – атқыштың оғы.
***
Айтпай білмес,
Ашпай көрмес.
***
Айтпайын десем,
Ақым кетіп барады.
Айтсам, ағайынның көңілі қалады.
***
Айтпақ бар да, қайтпақ жоқ.
***
Айтпас жерде аузыңды жап.
***
Айтпас жерде тіліңді тарт,
Ашуың келсе, қолың тарт.
***
Айтпаса білмейді, ашпаса көрмейді.
***
Айтпаса, кім білер,
Ашпаса, кім көрер?
***
Айтса болар ұққанға,
Айтып-айтпай немене
Құлағына мақта тыққанға.
***
Айтса болар, ақылды алып ұққанға,
Айтып-айтпай немене,
Екі құлағын мақтамен тыққанға.
***
Айтсам тілім күйеді,
Айтпасам дінім күйеді.
***
Айтсаң сөз өтпес,
Айдасаң қамшы өтпес.
***
Айтсаң, сөзіңде тұр.
***
Айтсаң сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.
***
Айтсаң, уәдеге жет,
Уәдесіз Аллаға шет.
***
Айтсаң ұғар кереңге,
Не айтайын береңге.
***
Айтсаң ұғар тереңге,
не айтайын кереңге.
***
Айтуға оңай, істеуге қиын.
***
Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
***
«Айтшы, айтшы!» деп жалынар,
Айтпай жатып жалығар.
***
Айтылады тілменен сөз, сыр ішің,
Жақсы сөз де, білсең, бедел, ырысың.
***
Айтылар сөзің айтылсын,
Айтылмаса, жай тұрсын.
***
Айтылған сөз – алтын.
***
Айтылған сөз – атылған оқ.
***
Айтылған сөзді қайтарып ала алмайсың.
***
Айтылмаған сөздерің саф алтындай,
Тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай.
***
Айтысқан соң дау болады,
Атысқан соң жау болады.
***
Айтып қойған соңғылыққа жақсы,
Іреп қойған сойғылыққа жақсы.
***
Айтып сөз өтпейді,
Айдап қамшы өтпейді.
***
Айырылмас қоңсыңа ауыр сөз айтпа.
***
Айырылмастай досыңа
Қайырылмастай сөз айтпа.
***
Ақ қойымның асығы болсаң, ақ сөйле.
***
Ақ сөз ақиқат болады.
***
Ақ сөз ащы болады,
Ғайбат сөз тәтті болады.
***
Ақиқат аз сөйлейді.
***
Ақкөңілдің аты азбайды,
Халал жүріп хақ сөйлегеннің тоны тозбайды.
***
Аққу құстың төресі,
Жалғыз жатып оттамас.
Қас жақсының белгісі,
Қара сөзді қостамас.
***
Аққу – құстың төресі,
Жалғыз жүріп оттамас.
Қас жақсының белгісі –
Қара сөзді жақтамас.
***
Ақпа құлаққа сөз айтсаң, ағып кетеді,
Құйма құлаққа сөз айтсаң, қағып алады.
***
Ақпа құлаққа айтқан сөз ағып кетеді,
Құйма құлаққа айтқан сөзді құйып кетеді.
***
Ақпа құлаққа айтылған сөз
Сиырдың мүйізіне лақтырылған дәнмен тең.
***
Ақыл жоқта нақыл жоқ.
***
Ақыл көркі – тіл,
Тілдің көркі – сөз,
Адам көркі – жүз,
Жүздің көркі – көз.
***
Ақыл сөзді алпыс рет айтсаң да, артықтығы жоқ.
***
Ақылды адам сөзді орнымен айтып,
Жөнді жауап күтеді.
***
Ақылды атанбайды көп сөйлеген,
Ақылды сөзді үнемдеп дөп сөйлеген.
***
Ақылды әйелді ханым де,
сөз ұғатын жігітті жаным де.
***
Ақылды – ойлап, түйгенін айтады,
Ақылсыз – шала-пұла білгенін айтады.
***
Ақылды кісі аз сөйлер.
***
Ақылды кісінің белгісі –
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Арғымақтың белгісі –
Аз оттап, көп жусайды.
***
Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.
***
Ақылды сөз – ауыртпалықты көтерісер ақ ниет дос.
***
Ақылдыға сөз айтсаң
Аз ойланып біледі.
Ақылсызға сөз айтсаң
Тыңдайды да күледі.
***
Ақылдыға сөз айтсаң,
Толыса түсер ақылы.
Ақылсызға сөз айтсаң,
Сол күйі қалар ақыры.
***
Ақылдыдан шыққан сөз
Аңсағанға болсын кез.
***
Ақылдының белгісі –
Алтыннан келер сөздері.
Ақылсыздың белгісі –
Айтып тұрар көздері.
***
Ақылдының сөзі қысқа,
Айта қалса, нұсқа.
***
Ақылсыз айтпасаң, білмес,
Ашпасаң, көрмес.
***
Ақылсыз басқа адырайған көз бітер,
Дуасыз ауызға сылдыраған қу сөз бітер.
***
Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.
***
Ақылы жоқ адамға
Адырайған көз бітер.
Дуасыз жоқ ауызға
Сылдыраған сөз бітер.
***
Ақылы жоқ азғана сөзге семірер.
***
Ақылы жоқ басқа адырайған көз бітеді,
дуасы жоқ ауызға сылдыраған сөз бітеді.
***
Ақылың болса, ақылға ер,
Ақылың болмаса, нақылға ер.
***
Ақылың болса, жыр тыңда.
***
Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.
***
Ақымаққа адырайған көз бітеді,
Дауасызға сылдыраған сөз бітеді.
***
Ақымаққа айтқан сөз
Ағып жатқан сумен тең.
Ақылдыға айтқан сөз
Қолға ұстаған тумен тең.
***
Ақымаққа айтқан сөз
Далаға атқан оқпен тең.
***
Ақымаққа айтқан сөз зая кетер.
***
Ақымақты сөзге сал,
Қам дарбызды шертіп ал.
***
Ақымақтың айтқаны келмейді,
Сандырағы келеді.
***
Ақымақтың сөзі ақау татыр.
***
Ақымақтың сөзін ақылменен тыңда.
***
Ақын жігіт той бастар,
Батыр жігіт қол бастар,
Шешен жігіт дау бастар.
***
Ақын тілді келеді,
Ат тұяқты келеді.
***
Ақын – ұлттың жүрегі,
Шешен – көптің тірегі,
Батыр – көптің білегі.
***
Ақындар қайда сөз сонда,
Сұлулар қайда наз сонда.
***
Ақырын сөйлегеннің амалы көп.
***
Ала жағым кетсе де,
Айта жағым кетпесін.
***
Алғаш ойла, кейін сөйле.
***
Алмас қылыш майданда серік,
Асыл сөз майданда да, сайранда да серік.
***
Алтын-күміс жиған – бай емес, сөз білген адам—бай.
***
Алтыннан қымбат сөз айтсаң,
ақымақ құлақ салмайды.
***
Алушыдан қалмайды, айтушыдан қалады.
***
Алыпқашпа сөзде ауыздық болмас.
***
Алыс жерге құда болсаң,
Арту-арту ас келер.
Жақын жерге құда болсаң,
Арту-арту сөз келер.
***
Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
***
Ант қылыштан да өткір,
Сөз қояннан да жүйрік.
***
Анығын айту – адалдық,
Ала сөйлеу – арамдық.
***
Аңғал сөйлеп,
Аспа,
Ойланып ал, саспа.
***
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
***
Аңдамай айтпа,
Тура беттен қайтпа.
***
Ара бізімен шағады.
Адам сөзімен шағады.
***
Арамза сұлу сөйлейді,
Ақкөңіл шынын сөйлейді.
***
Арадағы сөздің аттамасы көп.
***
Арба көтергенді ат көтере алмас.
Артық сөзді жат көтере алмас.
***
Арғымақ ат жақсы шаппаса да,
Жаман ат шаба алмайды баптаса да.
Ақымаққа айтқан сөзің ағып кетер,
Өзін тігіп сыртынан қаптаса да.
***
Арғымақ аттың баласы
Аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
***
Арғымақ аттың белгісі –
Аз ғана оттап көп жусар.
Азамат ердің белгісі –
Аз ғана сөйлеп көп тыңдар.
***
Арғымаққа оқ тисе,
Мәстектей боп туламас,
Сыпайыға сөз тисе,
Жамандай боп шуламас.
***
Арғымақтың баласы
Аз ғана оттап, көп жусар.
Азаматтың баласы
Аз ғана сөйлеп, көп тыңдар.
***
Арғымақтың баласы
Аз оттап, көп жусайды.
Хан-төренің баласы
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
***
Арғымақтың жақсысы
Аз ғана оттап, көп жусайды.
Адамзатың жақсысы
Аз ғана сөйлеп, көп тыңдайды.
***
Арғынның сөзі сұлу,
Найманның аты сұлу,
Қыпшақтың қызы сұлу.
***
Арзан болар алтын сөз,
Елеусіз жерге тастаса.
***
Арқанның ұзыны жақсы,
Әңгіменің қысқасы жақсы.
***
Арқанның ұзыны жақсы,
Сөздің қысқасы жақсы.
***
Арсыздың сөзінде тұрақ жоқ,
Көзі бар да құлақ жоқ.
***
Артық сөз апат келтіреді.
***
Артық сөз ойға зиян,
Артық ас бойға зиян.
***
Артық сөйле, кем сөйле,
Таразылай тең сөйле.
***
Арықтың сорпасында дәм болмайды,
ақылсыздың сөзінде мән болмайды.
***
Артында баласы қалса –
Көзі қалды де,
Артында сөзі қалса –
Өзі қалды де.
***
Артыңа жаман жұраттан гөрі,
Жақсы сөз қалдыр.
***
Артыңа ұрпақ қалдыру – Құдайдың ісі,
Сөз бен іс қалдыру – өзіңнің ісің.
***
Арсыздың сөзінде тұрақ жоқ,
Көзі бар да, құлақ жоқ.
***
Арық айтып семіз шық.
***
Арықтың сорпасында дәм болмайды,
Ақылсыздың сөзінде мән болмайды.
***
Ас атасын – нан дейді,
Сөз атасын – «шал» дейді.
***
Астың ыстығы жақсы,
Сөздің пысығы жақсы.
***
Асығын ата алмаған,
Сақасынан көреді.
Сөзін сөйлей алмаған,
Атасынан көреді.
***
Асыл ердің баласы,
аз сөйлер де көп тыңдар.
***
Асыл сөз алмасты да кеседі.
***
Асыл сөз алмасты қияды.
***
Асыл сөз – арнап берген сыйдан артық.
***
Асыл сөзге өлім жоқ.
***
Ат айналып иесін табар,
Сөз айналып жүйесін табар.
***
Ат болатын құлынның басы кез болады,
Адам болатын баланың аңдығаны сөз болады,
Қошқар болатын тоқтының тұмсығы дөң болады.
***
Ат жемейтін ащы шөптің біткенінен бітпегені игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың
Туғанынан тумағаны игі,
Жалған сөздің болғанынан болмағаны игі.
***
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
***
Ата-ананың сөзі –
Айдын жолдың өзі.
Ақылдының сөзі –
Ақ дарияның өзі.
***
Ата сөзі – алтын.
***
Ата тұрып, бала сөйлесе – шіркіндігі,
Аға тұрып, іні сөйлесе – еркіндігі.
***
Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
***
Ата ұлы аталықтың сөзін айтар,
Асылсыз жолдас болса, кері қайтар.
Қасыңа жолдас болып ере қалса,
Дұспанға құпиялап сырыңды айтар.
***
Аталар сөзі – ақылдың арқауы.
***
Аталар сөзі – ақылдың көзі
***
Аталы сөз айтпастың – аузы жабылмас.
***
Аталы сөз – ақылға көз.
***
Аталы сөз атан түйеге татиды.
***
Аталы сөзге арсыз ғана бас имейді.
***
Аталы сөзге
Арсыз ғана жауап қайырады.
***
Аталы сөзге арсыз жауап қайырар,
Ақ пен қараны шындық айырар.
***
Аталы сөзді арсыз қайырады.
***
Аталыдан би болса,
Аузы кетпес турадан.
Бас қосылған әр істе
Сөзі кетпес жорадан.
Атасыздан би болса,
Аузы кетпес парадан.
Қайда болса шіркіннің
Арты кетпес жаладан.
***
Атан түйеден аталы сөз артық.
***
Атаңнан қалған сөз жоқ па,
Анаңнан қалған бөз жоқ па?
***
Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.
***
Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
***
Аттан аттың несі артық,
Адымдап басқан ізі артық.
Ерден ердің несі артық,
Ептеп айтқан сөзі артық.
***
Аттыға жол бермейтін,
Жаяуға сөз бермейтін.
***
Атлас – қымбат, бөз – арзан,
Көп сөйлеген сөз – арзан.
***
Атыңа ауыр жүк артпа,
Анаңа ауыр сөз айтпа.
***
Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.
***
Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.
***
Аузын ашса, қолы бірге қимылдайды.
***
Аузын бағып айтқанның – аузы күймес.
Отын бағып жатқанның жеңі күймес.
***
Аузына әлі келмеген мылжың,
Айтар сөзінен адасады.
***
Аузына келгенін сөйлеу – ақымақтың ісі.
Алдына келгенін жеу – айуанның ісі.
***
Аузынан сөзі түскен,
Қойнынан бөзі түскен.
***
Аузынан сөзі түскеннің
Қолынан бөзі түседі.
***
Аузында әзілі жоқтың
Қолында қол шоқпары бар.
***
Аузында сөзі тұрмастың
Бір жерде өзі тұрмас.
***
Аузың айтқанды қолмен істе.
***
Аузың не айтса,
Құлағың соны есітер.
***
Аузыңды аша алмассың,
Аяғыңды баса алмассың.
***
Аузыңменен сөйлеген сөз құлағыңды есітпейді.
***
Ауруда шаншу жаман,
Сөзде қаңқу жаман.
***
Ауыз бен тілдің көркі – сөз.
***
Ауыз – дарбаза, сөз – самал.
***
Ауыз – дарбаза, сөз – самал,
Құдай ұрғанға не амал.
***
Ауыз көркі – тіл,
Тілдің көркі – сөз.
***
Ауызға келген сөз арзан,
Ауылға келген бөз арзан.
***
Ауыздан шыққан сөз алыстар.
***
Ауыздан шыққан сөз
Қайта орнына симайды.
***
Ауызыңмен сөйлеген сөзді
Құлағың да есітпейді.
***
Ауыр сөз айтқан дос емес.
***
Ауыр істен қорықпа,
Ауыр сөзден қорық.
***
Ауыр істің салмағы білекке түсер,
Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер.
***
Аш адам не жемейді,
Тоқ адам не демейді.
***
Аш не жемес,
Тоқ не демес.
***
Аш тұзын ішіп отыр,
Соңғы cөзін айтып отыр.
***
Аштық не жегізбейді,
Тоқтық не дегізбейді.
***
Ашу – сөздің бұлты,
Ақыл – сөздің кілті.
***
Ашыққан ұры болады,
Ашынған тілді болады.
***
Ащы айтсаң да, әділ айтқан кезіңде,
Ақылдылар шамданбайды сөзіңе.
***
Ащы нәр бал шырынға қосылмай ма,
Айтылған сөз де ұқсайды осындайға.
***
Ащы сұраққа
Тұщы жауап күтпе.
***
Аяғы жаман көлді былғайды,
Сөзі жаман елді былғайды.
***
Аяғың сауда, билеп қал,
Аузың сауда, сөйлеп қал.
***
Аяқ – арғымақ.
Қол – азамат.
Көз – жанат.
Сөз – қанат.
***
Аяқ асқа барады,
Сөз басқа барады.
***
Аяқ – тұлпар,
Сөз – сұңқар.
***
Аяқтан шалынған тұрады,
Тілден шалынған тұра алмайды.
***
Аяқтыға жол бермеген,
Ауыздыға сөз бермеген.
***
Аяқтыға жол
Ауыздыға сөз бермейді.
***
Аяр сөзді лаң да бір –
Гүл астындағы жылан да бір.

maqal-matel.kz