А

Абысын тату болса, ас көп,
Ағайын тату болса, ат көп.
***
Абысын тату болса, шыж-мыж көбейеді,
Ағайын тату болса, сіз-біз көбейеді.
***
Ағайын алыста болса, кісінесер,
Жақында болса, тістесер.
***
Ағайын бірде араз, бірде тату.
***
Ағайын жазаға қиса да, өлімге қимайды.
***
Ағайын жақында болса, тістескен,
Алыста болса, кісінескен.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер.
***
Ағайын тату болса, ат көп,
Абысын тату болса, ас көп.
***
Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпаса одан жат жуық.
***
Ағайынды қарындас, жең үшінен жалғасыңдар.
***
Ағайынның азары болса да, безері болмас.
***
Ағайынның азары болса да, безері болмайды.
***
Ағайынның аразы ауыздың сасығымен бірдей.
***
Ағайынның аразы болса да,
Азары болмайды.
***
Адасқан қазды жиылған қарға жейді.
***
Ажыраған бірін-бірі іздейді.
***
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
***
Айрылған азады,
Қосылған озады.
***
Айрылған аюға жем,
Бөлінген бөріге жем.
***
Айрылмас қоңсыңа ауыр сөз айтпа.
***
Айыратын жаман бар,
Қосатұғын жаран бар.
***
Айырылар дос ердің артқы қасын сұрайды.
***
Айырылар тамыр ердің артқы қасын сұрайды.
***
Айырылған азады,
Қосылған озады.
***
Айырылғанды аю асайды,
Бөлінгенді бөрі асайды.
***
Айырылма, жұртым, үйіріңнен,
Айырылсаң үйіріңнен,
Екі қолың кетпес бүйіріңнен.
***
Айырылма үйіріңнен,
Айырылсаң үйіріңнен,
Екі қолың кетпес бүйіріңнен.
***
Ақ киім – кірлегіш,
Ақ көңіл – кешіргіш.
***
Ала болған алты кісіні
Ынтымақты болған екі кісі алады.
***
Алакөздік шел басқан көз секілді.
***
Алтау ала болса, алдындағыны алдырар,
Төртеу түгел болса, төбедегіні түсірер.
***
Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
***
Алты бақан, ала ауыз.
***
Алысар болсаң, шыныңды айт,
Табысар болсаң, сырыңды айт.
***
Аңдысқан ауыл болмас.
***
Аңдысқан ауыл болмас,
ит балалап сауын болмас.
***
Апалы-сіңлілі тату болса, үйді гүлстан етеді.
***
Ара шақты деп араз болма, балы бар.
***
Арғымақ байлап не керек,
Арықтап жалы кеткен соң.
Ағайын-туыс не керек?
Аңдысып күні өткен соң.
***
Арғымақ жалсыз, ер малсыз,
Туысқан болмас кермалсыз.
***
Артқы айылым берік болса,
Атым, тулап не етерсің?
Ағайында бірлік болса,
Жатым, маған не етерсің?
***
Артта қалғанды аю жер,
Бөлек кеткенді бөрі жер.
***
Арық қазған – су ішер,
Араздасқан – у ішер.
***
Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.
***
Асу-асу белдер бар,
Аса алмай атан өлсін.
Ағайыныңмен тату бол,
Айыра алмай жат өлсін.
***
Аталы құл тозбайды,
Ынтымақты ел азбайды.
***
Атасы татудың – баласы тату.
***
Атасын сыйлаған абыройға бөленер.
***
Ауыл ала болса, ауыздағы кетеді,
Ынтымақты болса, қырдағы жетеді.
***
Ауыл ала болса, ауыздағы кетеді,
Ынтымаққа Қырымдағы жетеді.
***
Ауыл болсаң, қауым бол,
Ағайын болсаң, тату бол.
***
Ауыл болсаң, қауым бол,
Көрші болсаң, тату бол.
***
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
***
Ауыл итінің аузы ала болса да,
Бөрі көргенде бірігеді.
***
Ауылы бірге ас ішеді,
Қонысы бірге от жейді.
***
Ауылы бірдің – ауызы бір.
***
Ашу шабыстырады, ақыл жарастырады.

maqal-matel.kz