А

Абайламай түстім тереңге,
енді маған сай қайда?
***
Аға – бор,
Іні – тас.
***
Адам баласы тастан қатты емес.
***
Адам биік болса да, заң астында,
Тау биік болса да, тау астында.
***
Адам гүлден нәзік, тастан қатты.
***
Адам тастан қатты,
Гүлден нәзік.
***
Адам тастай берік, гүлдей нәзік.
***
Адам тілі тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
***
Адамзатты сөз бұзады,
Тау мен тасты жел бұзады.
***
Адамның басы – Құдайдың тасы.
***
Ажал ақылдының алдында бас иеді,
Ақылсыздың басына тас үйеді.
***
Ажал тау сыртында емес, ту сыртыңда.
***
Ажалды киік адырға қашады.
***
Ажалсызға тау құлайды.
***
Ақ қоян алдырмайды, өрде болса,
ақсақал бас мүжиді, төрде болса.
***
Ақ сұңқар ұшамын деп мақтанба,
Алдыңда асқар таулар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба,
Алдыңда талай өрлер бар.
***
Ақпейіл болсаң, ас жерсің,
Тәкаппар болсаң, тас жерсің.
***
Ақыл аста, қайрат жаста, асыл таста.
***
Ақыл – бастан,
Асыл – тастан.
***
Ақыл бастан шығады,
асыл тастан шығады.
***
Ақыл жасқа бітер,
Қына тасқа бітер.
***
Ақыл жаста,
Асыл таста.
***
Ақыл – жастан,
Асыл – тастан.
***
Ақыл – жастан,
Қына – тастан.
***
Ақыл жастан шығар,
Асыл тастан шығар.
***
Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.
***
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.
***
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
***
Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.
***
Ақымаққа Тойтөбе жол ма!
***
Ақымақпен ас ішкенше,
Ақылдымен тас көтер.
***
Ақымақтың атқан оғы ауға тимейді, тауға тиеді.
***
Ақымақтың аты шықса,
Әр төбеде бір із қалдырар.
***
Ақымақтың оғы аңға тимейді, тауға тиеді.
***
Алатау ашамнан келмейді.
***
Алатауды алыстан көргін, басына барма,
Жақсы адамыңмен алыстан сыйлас, қасына барма.
***
Алдағы бөгетте,
Қайратыңа сен.
Асқар тауда,
Атыңа сен.
Қайрат болса,
Қайғыны да жеңесің.
***
Алмастың жауы – құр тас.
***
Алтын да тас, тас та тас,
Алтындай болмас басқа тас.
***
Алтын – жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса – бек тәжінің өрнегі.
***
Алтын-күміс әманда таспен бірге жүреді.
***
Алтын-күміс тас болар.
***
Алтын-күміс тастан шығар,
Ақыл мен ой жастан шығар.
***
Алтын-күміс тас болған,
Арпа-бидай ас болған.
***
Алтын – тас,
Дақыл ас.
***
Алтын тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.
***
Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды.
***
Алыста таудың даңқы бар,
Қасына келсең обадай.
Алыста ердің даңқы бар,
Қасына келсең баладай.
***
Алыстан ердің дарпы бар,
Қасына келсең, баладай.
Алыстан таудың дарпы бар,
Қасына келсең, обадай.
***
Ана – тастан берік, гүлден нәзік.
***
Арамдық қып ішкен ас,
Ішіңе барып болар тас.
***
Арамның ісі өрге баспайды,
өрге басса да өрден аспайды.
***
Арқардың ойға көшкені,
Қыстың тауға түскені.
***
Арғымақ аттың тұяғы,
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
***
Арғымақтың тұяғы
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
***
Арқада аяз болмаса,
Арқарлар ауып несі бар.
***
Арқасыз ат қыр аса алмайды,
Арқасыз ер бір баса алмайды.
***
Арпа ас екен,
Алтын тас екен.
***
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
***
Арпа-бидай ас болды,
Алтын-күміс тас болды.
***
Арпасыз ат қыр аса алмас,
Арқасыз батыр жау ала алмас.
***
Арпасыз ат қыр аспас,
Арқасыз батыр қол жимас.
***
Арыстандай жігітте
Алатаудай үміт бар.
***
Ас тасты да жібітеді.
***
Асқар тау алыстан көрінеді.
***
Асқар тауға жарасар, басындағы обасы,
айдын көлге жарасар, сылдырлаған қоғасы,
ер жігітке жарасар, қолындағы найзасы.
***
Асқар таудың көлеңкесі алысқа түседі.
***
Асқар таусыз жер жетім,
Асыл ойсыз ел жетім.
***
Аспаннан тас жауса да, жерге пайда.
***
Асу-асу белдер бар,
Аса алмай атан өлсін.
Ағайыныңмен тату бол,
Айыра алмай жат өлсін.
***
Асу-асу белдер бар,
аса алмай жаудың аты өлсін,
ағайынмен тату бол,
айыра алмай жат өлсін.
***
Асу бермес асқар жоқ.
***
Асуды құм бөгейді,
Ашуды қыз бөгейді.
***
Асықпай жүрсең, алға басарсың,
Тынбай жүрсең, белден асарсың.
***
Асыл таста, өнер жаста.
***
Асыл – тастан,
Ақыл – жастан.
***
Асыл тастан сенімді тас артық.
***
Асыл тастан шығар,
Өнер жастан шығар.
***
Ат жақсысын күдірде сына,
Атой салғанды дүбірде сына.
***
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
***
Атаңды Алатауда бір жықтым демен.
***
Атаңды Қаратауда бір жығып ем.
***
Атасыздың аты шықса,
Асу сайын із салар.
***
Атты мінсең, бесті мін,
Тасты аямай басады.
Қонақ болсаң, жасқа қон,
Етті аямай асады.
***
Атты асу қинайды,
Адамды ашу қинайды.
***
Аттың көркі –
Құйрық, жалы, құлыға.
Таудың көркі –
Тасы менен бұлағы.
***
Аты аталмаған жігіттен,
Аты аталған төбе артық.
***
Аты атанбаған жігіттен
Аты атанған төбе артық.
***
Аты шыққан төбеге бөрі басты болса, тәуіп ет.
***
Аты шықпаған жігіттен,
Аты шыққан дөң артық.
***
Атың арымаса, суға сал,
Болдырмаса, құмға сал.
***
Атыңды тасқа арқандап, Тәңірге жыла.
***
Аурудың сары уайымға берілгені –
Өлімнің қыр басынан көрінгені.
***
Ауылдан шықсаң,
Көбең байға қонба, сайға қон.
***
Ашаршылықта туған баланың екі көзі аста болады,
Жауда туған баланың екі көзі таста болады.
***
Ашкөздің көзін тек топырақ толтырар.
***
Ашу деген қарғыма тас кезеңдей,
Сабыр деген сарқылмайтын өзендей.
***
Ашу жұту – тау жұту.
***
Ашу жұты – тау жұты.
***
Аюдың алжығаны тасқа шығып ұлиды.

maqal-matel.kz