Адал тірлік етпесең,
ұрлық етіп ас жерсің.
***
Адал тірлік етпесең,
Ұрлық етіп ас жейсің.
Ұрлық етіп ас жесең,
Бара-бара тас жейсің.
***
Адалдан тапқаның өміріңе жетеді,
Алдап тапқаның селге кетеді.
***
Адам ғұмыры қамшы сабындай қысқа.
***
Адам – дүниенің ажары,
Дүние – өмірдің базары.
***
Адам өмірі – арпалыс.
***
Адам өмірі қылдан да жіңішке.
***
Адам өміріндегі аяулы жемісі – абыройлы аты.
***
Адам тағдыры – тәрбиеден.
***
Адам туа білмейді, қуа біледі.
***
Адам туа жаман емес, жүре жаман.
***
Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.
***
Адамды өмір үйретеді,
Үйренбесе, күйретеді.
***
Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің құлпы түзелмейді.
***
Адамның тіршілік шөлмегі шағылмайынша,
Тіршілік шарабы төгілмейді.
***
Аз ба, көп пе етпесең әрекет,
Тірлігіңде болмайды берекет.
***
Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді.
***
Азаматтық жасай алмаған адам –
Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.
***
Ақылды адам өмір сүру үшін ішіп-жейді,
Ақымақ күнде ішіп-жеу үшін өмір сүреді.
***
Ақылсыз ойын тәтті тұрмысты бұзар.
***
Алып ел дүрліккенде көрінеді,
Данышпан жай тірлік күнде көрінеді.
***
Алып – майданда,
Дана – тірлікте.
***
Ана жүрегі өмір тілегі.
***
Ана қадірі – тірлік қадірі.
***
Анасыз өмір –
Сөнген көмір.
***
Атың жаман болса,
Арманың кетер.
Балаң жаман болса,
Пәрменің кетер.
Жылай-жылай өмірің өтер.
***
Атың өтімді болса,
Өмірің татымды болады.
***
Ауру – өлім хабаршысы, белесі.
Өлім деген – тіршіліктің елесі.
***
Аш болып тірі жүргенше,
Тоқ болып өлген артық.
***
Ашу, қаһар асығыс іс қылдырар,
Онда өмірің зая кетер, құлдырар.
maqal-matel.kz
