А

Абиырлы жігіттің
Алғашқы ұрлығы ашылсын.
***
Ағайынның моншағын
Күндіз ұрлап, түнде тақ.
***
Ағайынның ұрысы – торқаның жыртысы.
***
Адал тірлік етпесең,
ұрлық етіп ас жерсің.
***
Адал тірлік етпесең,
Ұрлық етіп ас жейсің.
Ұрлық етіп ас жесең,
Бара-бара тас жейсің.
***
Адам тілінен жазады,
Ұры ізінен жазады.
***
Адамның жуасын
Аяққа басады.
Аттың жуасын
Ұры мініп қашады.
***
Адасқанды сөкпеңіз,
Қайтып үйірін тапқан соң.
Ұрлағанды кешіңіз,
Тоғыз алып жапқан соң.
***
Азығы жоқ ит – бөрі болар.
Азығы жоқ жігіт – ұры болар.
***
Айтар сөзін білмесе,
Адамдықтан не пайда?
Артқан жүгін тартпаса,
Атандықтан не пайда?
Ұрлық қылып, мал берсе,
Адалдықтан не пайда?
***
Айтып істеген ұрлықтың айыбы жоқ.
***
Ақылды жел де ұшырмас, ұры да ұрламас.
***
Ақылы жоқ сұлудан,
Өңі жаман текті артық.
Ұрлап алған түйеден,
Еңбекпен тапқан ешкі артық.
***
Ақылыңды ұрлатпасаң, ғалым боласың.
***
Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді,
Ырысы қайтқанның иті ұры кеткен соң үреді.
***
Алған бір жазықты.
Алдырған екі жазықты.
***
Алған бір жазықты,
Көреген екі жазықты.
***
Алдырар күні жаздырар.
***
Алланың берейін деген құлына
Онан-мұнан құралар.
Бермейін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.
***
Алушыны аңдушы жеңеді.
***
Аңғырт бөрі қой үркітеді,
Абайсыз ұры қолға түседі.
***
Арам жесең, тойғанша же,
Ұрлық қылсаң, өлгенше қыл.
***
Атақсыз ұры бие байлап,
Атақты ұры аштан өліпті.
***
Атақты ұры аштан өледі.
***
Атақты ұры аштан өледі,
Атақсыз ұры қабын толтырады.
***
Ауыл үйдің моншағын күндіз ұрлап,
түнде тақпа.
***
Аштықтан сұқтық жаман.
***
Ашыққан ұры, ашынған долы келеді.
***
Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.

maqal-matel.kz