Ағайын жақсы деме, түйіп кетеді.
Ағаштан құман қойма, күйіп кетеді.
***
Ағаш қазанның түбі күйер.
***
Азансыз молла болса да,
Қазансыз қатын болмайды.
***
Азаншыдан
Қазаншы игі.
***
Азаныңа келмеймін,
Қазаныңа келемін.
***
Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.
***
Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма.
***
Айран ішкен құтылар,
Аяқ жалаған тұтылар.
***
Айран ішкен құтылар,
Шелек жалаған тұтылар.
***
Айранша ұйып, тостағанша толатын кез болады.
***
Айырдан жампоз туады
Аруанаға бергісіз.
Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз.
***
Ақыретке жағымды боламын десең, азанды бол,
Дүнияға жағымды боламын десең, қазанды бол.
***
Ала қарға – азаншы,
Қара қарға – қазаншы.
***
Алаяқтан ақылшың болмасын,
Кеңірдегі зордан бақыршың болмасын.
***
Аллаға жағайын десең,
Азаның болсын.
Қазыға жағайын десең,
Қазаның болсын.
***
Аллаға жағамын десең, азаның болсын,
Пендеге жағамын десең, қазаның болсын.
***
Аллаға жағамын десең, азаның болсын,
Халыққа жағамын десең, қазаның болсын.
***
Алтын басың аман болса,
Алтын табақтан су ішерсің.
***
Алтын қайшы пішкенге жақсы,
Алтын қасық ішкенге жақсы.
***
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
***
Анасын көріп, қызын ал,
Аяғын көріп, қымызын іш.
***
Аңқау қазанның үстіне қарайды,
арамза астына қарайды.
***
Арба атқа келмейді,
Ат арбаға келеді.
Қазан асқа келмейді,
Ас қазанға келеді.
***
Арық атқа жал бітсе,
жанына торсық байлатпас,
жаман адамға мал бітсе,
қасына қоңсы қондырмас,
қондырса да оңдырмас.
***
Ac жоқта ашықсаң, табақты да жеп қоясың.
***
Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы.
***
Ас ішіп аяқ босататын.
***
Ас ішіп, табақ босату.
***
Астауда қалған суды
Арық қой ішеді.
***
Астауына қарай қауғасы.
***
Асулы қазан, жағулы от.
***
Асы бар аяқ әдемі.
***
Асы бар аяқтан аттама.
***
Асы бар қазан сүйкімді,
Досы бар адам сүйкімді.
***
Асы жоқ алтын аяқтан
Айраны бар тоспақ артық.
Талдырмаш таза айырдан
Жүк көтергіш қоспақ артық.
***
Асы жоқ алтын аяқтың,
алтынын ал да отқа жақ.
***
Асығыс пісірген көженің
Иә, қатығы жетпейді,
Иә, қасығы жетпейді.
***
Ат иесіз болмас,
Қазан күйесіз болмас.
***
Ат мінсең, еріңді сайла,
Егін ексең, келіңді сайла.
***
Атты аяқ жанында сапты аяқ.
***
Атыңнан айрылсаң да,
Ер-тоқымыңнан айрылма.
Қатыныңнан айрылсаң да,
Қазан-ошағыңнан айрылма.
Қазан-ошағыңнан айрылсаң да,
Халқыңнан айрылма!
***
Аузымен астау шапқан
Қолымен жаңқа жара алмас.
***
Ауру қатын, бұзық самауар ерді байытпайды.
***
Ашқа қазан астырма,
Тоңғанға отын жақтырма.
***
Ашыққанға қазан астырма,
Тоңғанға от жақтырма.
***
Аяғын көр де, асын іш,
Анасын көр де, қызын ал.
***
Аяғын көріп, асын іш.
***
Аяғын көріп, асын іш,
Шешесін көріп, қызын ал.
***
Аяқты ақырғы тамшы толтырады.
maqal-matel.kz
