А

Ағайынның аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
***
Ағасы ақылдының
Ауылы азбайды.
Жеңгесі шебердің
Жеңі тозбайды.
***
Адам болатын жігіт,
алдыменен өз нәпсісін билейді,
сонан кейін ауылын билейді,
ауыл билеген аймағын билейді.
***
Адам болатын жігіт –
Әуелі өз намысын билейді.
Сонан соң ауылын билейді,
Сонан соң аймағын билейді.
***
Адам елінде
Қоға көлінде көгерер.
***
Адам жайын ауылдас білмейді, істес біледі.
***
Адассаң, аймағыңмен.
***
Аз ешкінің көсемі көп,
Аз ауылдың шешені көп.
***
Ай қораланса, арысыңды сайла,
көктемде қонысыңды сайла.
***
Айға жетпес асыңды
Ауылдастан аяма.
***
Айға жетпес асыңды,
Ауылдастан аяма.
Астыңдағы тайыңды,
Бауырластан аяма.
***
Айрыларда әйел жаман,
Көшерде жұрт жаман.
***
Айрылмас қоңсыңа ауыр сөз айтпа.
***
Айтысқан ауыл болмас,
Болыспаған бауыр болмас.
***
Ақсақ қой ауыл қасында,
Иә, құдық басында.
***
Ақшалы адам болыс болды,
Бидайықты жер қоныс болды.
***
Ақылы жоқ жаманға ауылы, малы бұралқы.
***
Ақымақ болса туысың,
Ақы беріп, бауыр қыл.
Ақылын тауып, Алашты
Араз қылма, ауыл қыл.
***
Ала ауыз болса ауылың,
Жау шабуылын баса алмас.
***
Ала жібін аттамасам,
Даудың менде несі бар.
Ел шетіне түнемесем,
Жаудың менде несі бар.
***
Алаштың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
***
Алтын белдік – бел сәні,
Алтын жиһаз – ел сәні.
***
Алыс болса ауылың, бармайсың ба?
***
Алыстағы ағайыннан,
Алдыңдағы көрші артық.
Өрістегі арғымақтан,
Белдеудегі бесті артық.
***
Алыстағы ағайыннан,
Ауылы бірге көрші артық.
***
Алыстағы ағайынның аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
***
Анамды жақсы көргендіктен
Келісін түйдім.
Ауылымды жақсы көргендіктен
Желісін сүйдім.
***
Ананың алақаны – балаға аялы қоныс.
***
Аңдысқан ауыл болмас.
***
Аңдысқан ауыл,
Есептескен ел болмайды.
***
Аңдысқан ауыл болмас,
Ерегескен ел болмас.
***
Аңдысқан ауыл болмайды,
Есептескен дос болмайды.
***
Аңдысқан ауыл болмас,
Ит балалап сауын болмас.
***
Арғын аса қонды,
Шөмекей баса қонды.
***
Арғымақтығыңды білгің келсе,
Ат баптаған ауылға бар.
«Құлыныңды көрмедік» деп,
Сипамай қоймас жалыңды.
Ақылдылығыңды білгің келсе,
Азамат өсірген ауылға бар,
«Атаңмен астас болмадық» деп,
Сындыра қоймас сағыңды.
***
Арғындар аса қонды,
шөмекей баса қонды.
***
Арық атқа жал бітсе,
жанына торсық байлатпас,
жаман адамға мал бітсе,
қасына қоңсы қондырмас,
қондырса да оңдырмас.
***
Ас берсең, ауылы алысқа бер, айта кетер.
***
Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.
***
Ат айналып қазығын табады,
Ер айналып мекенін табады.
***
Ат алсаң, ауылыңмен ал.
***
Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.
***
Ат алсаң, ауылыңмен (ойлас),
Түйе алсаң, отаныңмен.
***
Ат алсаң, ауылыңменен.
***
Ат алсаң, алты күннің аулына тартар.
***
Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас.
***
Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас,
Аулың болмаса, бөркіңмен ақылдас.
***
Ата қоныс – алтын мекен.
***
Аталастан ауылдас жақын.
***
Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
***
Аталы айғыр үйірін
Жауға алдырмас.
Ата көрген жігіт
Ауылын дауға алдырмас.
***
Атың жаман болса,
Сатып құтыларсың,
Көршің жаман болса,
Қайтіп құтыларсың?
***
Аузын баққан ауылға ие болады,
Аузы қағынған жауырға ие болады.
***
Ауыз баққан, ауылдасқа жаққан.
***
Ауызбен ауыл көшірме,
Тіліңмен отын отама.
***
Ауызға келген сөз арзан,
Ауылға келген бөз арзан.
***
Ауыздың қайда екенін қол біледі,
Ауылдың қайда екенін жол біледі.
***
Ауыл – аймағыңмен, бота – тайлағыңмен.
***
Ауыл ала болса, ауыздағы кетеді,
Ынтымақты болса, қырдағы жетеді.
***
Ауыл ала болса, ауыздағы кетеді,
Ынтымаққа Қырымдағы жетеді.
***
Ауыл болсаң, қауым бол.
***
Ауыл болсаң, қауым бол,
Ағайын болсаң, тату бол.
***
Ауыл болсаң, қауым бол,
Көрші болсаң, тату бол.
***
Ауыл бүлінсе, аулақ жүр.
***
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
***
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі көргенде бірігеді.
***
Ауыл иті бөріні көрсе, жарасар.
***
Ауыл итінің аузы ала болса да,
Бөрі көргенде бірігеді.
***
Ауыл итінің достығы
Сүйек тастағанша.
***
Ауыл итінің құйрығы қайқы.
***
Ауыл қарайлас, шаруа орайлас.
***
Ауыл толы есектен,
Арық та болса, ат жақсы.
***
Ауыл үйдің қонағы,
Айында-жылында бір келер.
***
Ауыл үйдің моншағын күндіз ұрлап,
түнде тақпа.
***
Ауылға айтсаң, асар,
Көршіге айтсаң, қосар.
***
Ауылға алты жасар бала келсе,
Алдынан алпыс жасар шал шығады.
***
Ауылға барсаң қона бар,
қамысты көлде сона бар.
***
Ауылға жақындағанда ит озады.
***
Ауылға жақындағанда ит те үреді.
***
Ауылда болса, ауызға тиеді,
Елде болса, ерніңе тиеді.
***
Ауылда лақ туылса,
Адырдың шөбі көгереді.
***
Ауылдағы молданың аузы сасық.
***
Ауылдағының аузы сасық.
***
Ауылдан қыз кеткенде, қызық кетер.
***
Ауылдан шыққан күнде,
Байға қонба, сайға қон.
***
Ауылдан шыққан күні,
байға қонба, сайға қон,
бай пәле болады, сай пана болады.
***
Ауылдан шықсаң,
Көбең байға қонба, сайға қон.
***
Ауылдас,
Ауылдаспен қауымдас.
***
Ауылдасың жақсы болса,
Ағайының не керек.
Алған жарың жақсы болса,
Айтың, тойың не керек.
***
Ауылдасың соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр.
***
Ауылды келіншек бұзар,
Елді келімсек бұзар.
***
Ауылдың жақсылығы жолынан білінер.
***
Ауылдың қонағы айда-жылда бір қонар.
***
Ауылы алыс қыз алысар,
қыз алыспаса тұз алысар.
***
Ауылы араластың қойы қоралас.
***
Ауылы басқа алдырмас,
Ауылың сені қалдырмас.
***
Ауылы бүтінді аман де,
Елі бүтінді есен де.
***
Ауылы бірге ас ішеді,
Қонысы бірге от жейді.
***
Ауылы қарайластың шаруасы орайлас.
***
Ауылым – алтын бесігім.
***
Ауылын көріп,
Азаматын таны.
***
Ауылыңда айна бұлағың болса,
Кісі құдығынан су ішпе.
***
Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
***
Ауылыңда қария болса,
Жазулы хатпен тең.
Айналаңда төбе болса,
Ерттеулі атпен тең.
***
Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар,
Есік алдында төбең болса, ерттеп қойған аттай болар.
Екі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
***
Ауылыңда қартың болса, хатың сол,
Жаманың болса, жатың сол.
Жақсылық болса, жақының сол.
***
Ауылыңдағыны атадан сұра,
Үйдегіні баладан сұра.
***
Ауылың ынтымақты болса,
Суалмас көлдейсің.
Ауылың ынтымақсыз болса,
Су бармас шөлдейсің.
***
Ауылыңнан алғыр шықса, атың озады,
Ауылыңнан жаман шықса, елің тозады.
***
Ауылы араластың қойы қоралас.
***
Ауылы бүтінді аман де,
Елі бүтінді есен де.
***
Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпайды.
***
Ауылыма қадірім жоқ бетімді көреді,
Әйеліме қадірім жоқ етімді көреді.
***
Аш ауыл айранды бұрын ішеді.

maqal-matel.kz