А

Ағу дария харам болмас,
Қанша ит келіп сарыса да.
***
Ағын су арам болмас,
ит жалдап жаласа да.
Жақсы адам жаман болмас,
жасы жетіп қарыса да.
***
Ағын су жолын табады,
Ақ адам оңын табады.
***
Ағын суда арам жоқ.
***
Ағын судың арамдығы жоқ.
***
Адал адам аңқау келеді,
Сорлы жігіт жалқау келеді.
***
Адал ақынның ауызы бал,
Арамза ақынның ауызы дал.
***
Адал биде ата жоқ,
Тура биде туған жоқ,
Туғанына бұрған биде иман жоқ.
***
Адал бидің үйін дау араламайды,
Адал жанның елін жау араламайды.
***
Адал болсаң, ант ішпе!
***
Адал болсаң, арада боласың,
Арам болсаң, далада қаласың.
***
Адал дос алтыннан қымбат.
***
Адал дос жаныңды сақтайды,
Аяр дос малыңды жақтайды.
***
Адал дос – сәулетің
Асыл жар – дәулетің.
***
Адал дүниеге есеп керек.
***
Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.
***
Адал еңбек, алғыр ой –
анық досың біліп қой.
***
Адал еңбек елге жеткізер,
арам қулық елден кеткізер.
***
Адал еңбекті кім етеді,
Мұратқа сол адам жетеді.
***
Адал еңбектің абыройы жоғары.
***
Адал жанға мың дос аздық етеді.
***
Адал жар – асыл қазына.
***
Адал кәсіп аз емес,
Ықтият бол арамнан.
***
Адал келін ұлға серік,
Арам келін сұмға серік.
***
Адал кісі арымас,
Арам кісі жарымас.
***
Адал мінез адамдар,
Арттағыларға жол салып,
Із тастап өтеді.
Арам мінез адамдар
Арттағыларға тікен төгіп,
Біз тастап өтеді.
***
Адал ниет аздырмайды,
Арамдық бойды жаздырмайды.
***
Адал сөз – әшекей емес, ақиқат.
***
Адал сөзбен айтысады,
Өсек сөзбен сыбырласады.
***
Адал тірлік етпесең,
Ұрлық етіп ас жейсің.
Ұрлық етіп ас жесең,
Бара-бара тас жейсің.
***
Адал ұл оздырады,
Жаман ұл тоздырады.
***
Адал іс істесең, адал боп өсесің,
Ақылды іс істесең, өміріңе құт,
Қиын іс бітірсең, өмір бойы қорықпайсың.
***
Адалға есеп, арамға да сұрау бар.
***
Адалдан тапқаның өміріңе жетеді,
Алдап тапқаның селге кетеді.
***
Адалды адал ғана түсіне алады.
***
Адалдық – адам көркі,
Жүріс – ат көркі.
***
Адалдық ақыры бір көрінеді.
***
Адалдық – ардың ісі.
***
Адалдық ардың ісі,
Ауырлықты көтеру нардың ісі.
***
Адалдық жанған өртін сөндірер,
Арамдық жауды үйіңе төндірер.
***
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
***
Адалдық – ерлік нышаны.
***
Адалдық – құрмет тиегі,
Сол ғой тек адамға керегі.
***
Адалдық ойласаң, бал жұтасың,
Арамдық ойласаң, қан жұтасың.
***
Адалдық өлмейді,
Арамдық аспайды.
***
Адалдық үшін арыдым деме.
***
Адалдыққа қаталдық жағады.
***
Адалдықпенен залал тап,
Пайдасын ақыры көрерсің.
Арамдықпен пайда тап,
Залалын ақыры көрерсің.
***
Адалдықтың адымы алты құлаш,
Арамдықтың адымы жарты құлаш.
***
Адалдықтың бәйгесіне атыңды қос,
Озсаң да бәйгелісің,
Қалсаң да бәйгелісің.
***
Адалдың арқаны үзілмейді,
Қара су сүзілмейді.
***
Адам арамдықтан жамандық көрмей қалмас.
***
Адам денесінде қолдан басқа арам жоқ.
***
Адамды тұрар адам қып
Ақ жүрек, кең адалдық.
***
Адамдық адалдықта,
Адалдық шындықта.
***
Адамдық түбі реніш,
адалдық түбі кеніш.
***
Аз тапсаң да, адал тап.
***
Азған елдің баласы бірін-бірі жамандар,
Қақпан құрып алдына құлатуға амалдар.
Озған елдің баласы бірін-бірі «батыр» дер,
Қойны-қоншы құйылып, толып тұрған ақыл дер.
***
Айыратын жаман бар,
Қосатын жаран бар.
Барын ішпейтін сараң бар,
Жасырып ішетін арам бар.
***
Ақ айналар, қара байланар.
***
Ақ пен қара жарысар,
Аққа әділдік болысар.
***
Ақиқаттың алды ашық,
Арамдықтың алды тұман.
***
Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.
***
Аққа зауал жоқ,
Ақ иіліп сынбайды.
***
Аққа қара жоқ,
Қараға шара жоқ.
***
Аққа Құдай жақ.
***
Ақпейіл еліне ерке,
Аққу көліне ерке.
***
Ақтан жабысқан пәледен сақтан,
Аяқ астынан шыққан жаладан сақтан.
***
Ақты қаралаған өзін жаралайды.
***
Ақша жүрген жерде әділдікке де,
Адалдыққа да орын жоқ.
***
Ақыл азбайды,
Әділдік тозбайды,
Арамдық озбайды.
***
Ала жібін аттамасам,
Даудың менде несі бар.
Ел шетіне түнемесем,
Жаудың менде несі бар.
***
Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, жұртқа жақ.
***
Алакөз арам адамдар,
Бір бірін ылғи жамандар.
***
Алмас қанат қанша ұшса да, майырылмас,
Адал махаббат қанша кессе де, айырылмас.
***
Алтын әзәзіл – аздырар,
Адал еңбек – бойыңды жаздырар.
***
Алтын көрсе, періште жолдан таяды.
***
Алтын көріп періште жолдан шығыпты.
***
Алтын тапқан періште жолдан тайған.
***
Алтын тозбайды,
Адал жар азбайды.
***
Алыс-беріс адал істе епшіл бол,
Жол ашылар, әр кезде де көпшіл бол.
***
Анығын айту – адалдық,
Ала сөйлеу – арамдық.
***
Арам ас түскен іш жазылмайды.
***
Арам – ауыр,
Ақ – жеңіл.
***
Арам жесең, тоя же.
***
Арам жесең, тойғанша же,
Ұрлық қылсаң, өлгенше қыл.
***
Арам қулық елден кеткізер,
Адал еңбек елге жеткізер.
***
Арам малдың арты – азап.
***
Арам молда аңқау елді алдап жер.
***
Арамды Құдай табады,
Момынды қайыр табады.
***
Арамдық
Адамның ажарын бұзады.
Ант ұрған
Халықтың базарын бұзады.
***
Арамдық кірген үйден тыныштық қашады.
***
Арамдық қып ішкен ас,
Ішіңе барып болар тас.
***
Араммен тапқан тілләдан,
Адалдан тапқан тиын артық.
***
Арамнан алған түйеден
Адалдан алған ешкі артық.
***
Арамның ісі өрге баспайды,
Өрге басса да, өрден аспайды.
***
Арам шөп егінді аздырады,
Еріншектік ерді аздырады.
***
Арам, арам түбі – реніш,
Адал, адал түбі – кеніш.
***
Арамдықтың арқаны қысқа.
***
Арамдықтың өрісі – алты-ақ адым.
***
Арамды Құдай табады,
Момынды қайыр табады.
***
Асқақтаған амалшыдан
Аяңдаған адал озар.
***
Асыл міндет – адалдық,
Асыл қасиет – адамдық.
***
Асылдың бірі – адалдық.
***
Аузыңды көкке ашпа,
Адал еңбектен қашпа.

(Ә-ден басталатын мақал-мәтелді мына жерден оқисыздар)

maqal-matel.kz