Ә

Әділ айтқан жеңер.
***
Әділ айтсаң,
Ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң,
Маңайына жақпайсың.
***
Әділ бектің заңы жоғары.
***
Әділ би әуелі өзін сынар.
***
Әділ би халқы үшін,
залым би құлқы үшін.
***
Әділ бидің елінің ырысы көп,
Парақордың елінің ұрысы көп.
***
Әділ билер болса құп,
Залым биде иман жоқ.
***
Әділ билер болса құп,
Залым билерде иман жоқ.
***
Әділ билік – алтын таразы.
***
Әділ жол мақсатқа жеткізеді.
***
Әділ заң – аспан тірегі.
***
Әділ өмірді адал адам ғана сүре алады.
***
Әділ патша гүлстанға ұқсайды,
залым патша зымыстанға ұқсайды.
***
Әділ патшаның әскері халықтан құралады.
***
Әділ пікір, асыл ой адал жаннан туар.
***
Әділ сөз ащы болады.
***
Әділ сөз ірі көрінеді.
***
Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.
***
Әділ туған заң жақсы.
***
Әділ хан аспандағы Күнің.
***
Әділ істің арты игі.
***
Әділдігіне сенбе, әділдігіңе сен.
***
Әділдік әкімдіктен де күшті.
***
Әділдік әкімге де, әлсізге де, әркімге де бірдей.
***
Әділдік жеңеді,
Кешігіп келеді.
***
Әділдік жолын өзің аш.
***
Әділдік келгенше,
Қайыр кете тұрады.
***
Әділдік қылды қақ жарады.
***
Әділдік мақсатқа жеткізеді.
***
Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
***
Әділдікпен кескен бармақ ауырмайды.
***
Әділдіктен қашпа.
***
Әділет алдында тай да бас иеді, тау да бас иеді.
***
Әділет қылышы кескен қол ауырмас.
***
Әділетсіз төренің елі тозады,
Қатыны жаман жігіттің жеңі тозады.
***
Әділеттік, ар-ұят –адамдықтың белгісі,
Тұрпайылық, жат мінез –надандықтың белгісі.
***
Әділсіз болса, би оңбас,
Әйелсіз болса, үй оңбас.
***
Әділін айтсаң – әдемі айтқаның.
***
Әзіл айтсаң, әділ айт.
***
Әзіл айтсаң да, әділ айт.
***
Әкімің дұрыс болмаса, жұрт бұзылады,
саудаң дұрыс болмаса, нарық бұзылады.
***
Әкімдерден ғадалет тайса,
Елдің пейілі тарқайды.
***
Әкімшіліктен де гөрі әділет қымбат.

maqal-matel.kz