Достарың адал болса,
Ең бақытты болғаның.
Достарың арам болса,
Бақытсыз болып, сорладың.
***
Досыңа адал, тура бол,
Жамандық қылма араға.
Жауыңа жарап, бура бол,
Күлкі болма балаға.
***
Дұшпаның көзбе-көз мақтар,
Арамдығын ішіне сақтар.
maqal-matel.kz
