Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.
***
Әдепті жан абайшыл,
Алкеуде жан айғайшыл.
***
Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
***
Әділ өмірді адал адам ғана сүре алады.
***
Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
***
Әй, жарандар, қараңдар,
Айдалада от жанар.
***
Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт,
Балаңа адам жоқ жерде ақыл айт.
***
Әке-шешесіне жаман сөз айтқан
кісіні өлтіруге тиісті.
***
Әкең жақсы кісі еді,
Жел жағыңа пана еді.
Анаң жақсы кісі еді,
Жетімдерге ана еді.
***
Әкесін сыйламаған кісі баласын сыйламайды.
***
Әл үстінде жатқан адамның
Аузына мақтамен су тамызады.
***
Әлді адам шалқақ келеді,
Әлсіз адам жалтақ келеді.
***
Әлем әлемге күледі,
Әлем әлдекімге күледі.
***
Әлем көркі – адам.
***
Әлсіз адам – жағымпаз,
Кербез адам – қырымпаз.
***
Әлсіз адам – сүріншек,
Ақылсыз адам – еріншек.
***
Әр адам білігімен белгілі болады.
***
Әр кісіде бір қиял.
***
Әрбір құстың өз алдына жемі бар,
Әр адамның өз алдына тегі бар.
***
Әркім жолдас болады амандықта,
жаман тастап кетеді жамандықта.
***
Әркім қолда барын ұсынады.
***
Әркім қылығынан табар,
Пейілінен жазар.
***
Әркім ниетінен хабар береді.
***
Әркім өз бойына қарай тон пішер.
***
Әркім өз кездігімен өлшейді.
***
Әркім өз қазын аққуым дейді.
***
Әркім өз қозысын қошқар қояды.
***
Әркім өз ойынан хабар береді.
***
Әркім сүйгеніне сәлем береді.
***
Әркім сыйлағанның құлы.
***
Әркім сыйласқанның құлы.
***
Әркімдікі өзіне,
Ай көрінер көзіне.
***
Әркімнің бір ойы бар,
Қиялында мың ойы бар.
***
Әркімнің бір ойы бар,
Қорасында мың қой бар.
***
Әркімнің де бармағы өзіне қарап біткен.
***
Әркімнің өз қолы – өзіне иілер.
***
Әркімнің өз қотырын өзі қасыған қандай жақсы.
***
Әркімнің өз ойлағаны жөн.
***
Әркімнің өзі шығар биігі бар.
***
Әркімнің өз шыққан тауы биік болса.
***
Әркімнің тұрған үйі мысыр шаһарындай.
***
Әрбір адам ақылды бола бермейді,
Жат пен жақын бірдей бола бермейді.
***
Әрбіреуге құдық қазсаң,
Түсерсің өзің.
***
Әркім жолдас болады амандықта,
Бір күн тастап қашады жамандықта.
***
Әркім өзі күтеді өз басын,
Жаман кемітеді жолдасын.
***
Әркім шыққан тау биік болсын дер.
***
Әркімнің ойлап жүрген бір тілегі бар.
***
Әркімнің өз ақылы кемел көрінеді.
maqal-matel.kz
