Дәм айдаса, қалмаспын,
Адам айдаса, бармаспын.
***
Дәмін байқап татпаса,
Пысқан аста шикі бар.
Байқап сырын тартпаса,
Адамда да түлкі бар.
***
Дәулет көрмегенге дәулет бітпестей болады,
Өзінен паланды кісіменен қас болады.
***
Дәулет қонған кісіге дос жиналар,
Дәулет кетсе, табалап топырақ шашар.
***
Дәуір – адамның иесі,
Адам – тәуірдің түйесі.
***
Дәуір әр кісінің басына келер,
Білім ер кісінің басына келер.
***
Дені сау адамға оның сол сау жүргені жетеді.
***
Дос адам артық сұрамайды.
***
Дос адам сарайыңды жұмақ етер.
***
Дос-жараннан үзілсе үміт – ауыр мұң,
Жат кісідей мінезі бар бауырдың.
***
Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.
***
Досыңмен сөйлессең де, ықтият бол,
Үй артында кісі бар, тыңдап тұр ол.
***
Дұға оқып ақша алған кісі әулие болмайды.
***
Дұшпанға жақсылық істеген адам,
Алғыс орнына қарғыс алар.
***
Дұшпанды кісі десең, басың кетер.
***
Дүние бір серуен,
Адам бір көшкен керуен.
***
Дүние – киік, адам – ит.
***
Дүниенің құлпы, кілті – тек адамзат.
maqal-matel.kz
